Жетісу облысы  Ескелді ауданы Қайнарлы және Төлеңгіт  ауылдық округінің әкімдерін сайлау қорытындысы  және сайланған әкімдерді тіркеу туралы

 

Жетісу облысы  Ескелді ауданы

Қайнарлы және Төлеңгіт  ауылдық округінің әкімдерін сайлау

қорытындысы  және сайланған әкімдерді тіркеу туралы

ХАБАРЛАМА

 

           2025 жылы 16 наурызда Қайнарлы  және Төлеңгіт сайлау округтері бойынша Ескелді  ауданының  Қайнарлы және Төлеңгіт ауылдық округі әкімдерінің  сайлауы өтті.

           «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына,              44-бабының  2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Қайнарлы және Төлеңгіт  ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау нәтижелерін анықтады:

            Қайнарлы ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 737 азамат енгізілді, оның 388-і, немесе 52,6 % дауыс берді, жарамсыз бюллетендердің саны – 14, «бәріне қарсы» деген жолда – 3.

            Кандидаттар саны – 3, 1 – «Amanat» партиясынан, 2 – өзін өзі ұсынғандар.

            Әр үміткерге берілген дауыстар саны:

            Алпысбаев Е.К. – 118; Идрисов Д.С. – 248; Оразбеков Д.А. - 5.

            Қайнарлы ауылдық округінің сайланған әкімі Идрисов Даулет Садырович, 1972 жылы туған, Жетісу облысы, Ескелді ауданы, Қаратал ауылының тұрғыны, «Amanat» партиясынан ұсынылған.

            Төлеңгіт ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1351 азамат енгізілді, оның 989-і, немесе 73,2 % дауыс берді, жарамсыз бюллетендердің саны – 32, «бәріне қарсы» деген жолда – 66.

            Кандидаттар саны – 2, 1 – «Amanat» партиясынан, 1 – өзін өзі ұсынған.

            Әр үміткерге берілген дауыстар саны:

            Касиев А.А. – 98; Сүйінбай Р.Б. – 793.

            Төлеңгіт ауылдық округінің сайланған әкімі Сүйінбай Расул Бақытұлы, 1997 жылы туған, Жетісу облысы, Ескелді ауданы, Жетісу ауылының тұрғыны, «Amanat» партиясынан ұсынылған.

         Ескелді аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының  113-11 - бабының 1 тармағына сәйкес                         2025 жылғы 16 наурызда  сайланған Ескелді ауданының Қайнарлы ауылдық округінің әкімін 2025 жылғы 18 наурыздағы № 25 қаулысымен және Төлеңгіт ауылдық округінің әкімін 2025 жылғы 18 наурыздағы № 26 қаулысымен тіркеді.

                                    

 

 

Ескелді аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
18 марта 2025