Ескелді аудандық мәслихатының 2019
жылғы 27 желтоқсандағы № 60-349 «Ескелді ауданының
2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1)тармақшасына сәйкес, Ескелдi аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер 13 189 740 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер 707 847 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 83 138 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 27 600 мың теңге;
трансферттер түсімі 12 371 155 мың теңге, оның ішінде:
ағымдағы нысаналы трансферттер 6 346 038 мың теңге;
нысаналы даму трансферттері 1 295 109 мың теңге;
субвенциялар 4 730 008 мың теңге;
2) шығындар 15 246 172 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу 189 878 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 244 686 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 54 808 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 2 246 310 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 2 246 310 мың теңге.».
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |