Ескелді ауданы әкімдігінің
2025 жылғы ___ ақпандағы
№ ___ қаулысымен бекітілген
қосымша
«Ескелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1) «Ескелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Егер Бөлімнің заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
1) мемлекеттің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы саясатын іске асыру.
1) Бөлімнің құқықтары:
1.1. мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты заңнамада белгіленген тәртіппен сұрату және алу;
1.2. оперативті басқару құқығына не мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;
1.3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
2) Бөлімнің Міндеттері:
2.1. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қызметтер мен әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру және үйлестіру;
2.2. қолданыстағы заңнамаға сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету;
2.3. қолданыстағы заңнамаға сәйкес еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу бойынша жұмыстар жүргізу;
2.4 қолданыстағы заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
2.5. қолданыстағы заңнамасына сәйкес әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршырлық белгілеу және олардың мүлкіне билік етуге рұқсаттар беру;
2.6. Қазақстан Республикасының заңнамасында кезделген өзге де міндеттер.
1) нормативтік құқықтық актілерді, халықтың өмір деңгейін көтеру және тұрақтандыруға бағытталған аумақтық бағдарламаларды дайындауға қатысу, олардың орындалуын талдау;
2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бюджет қаражаты қажеттілігін болжау және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру;
3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу, жергілікті бюджет қаражаты есебінен басқа да әлеуметтік көмек түрлерін көрсету;
5) жеке және заңды тұлғалардың өкілдердің өтініштерін қарау, қабылдау және кеңес беру;
6) аудандағы жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау және жергілікті атқарушы органына хабарлау;
7) мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес әлеуметтік бөлігін орындау;
8) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
3-тарау. Мемлекеттік органның басшысының
мәртебесі, өкілеттіктері
1) Бөлімнің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілетіліктерін өз құзыреті шегінде айқындайды;
2) Бөлімнің қызметкерлерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
3) Бөлімнің қызметкерлерін Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;
4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
5) өз құзыреті шегінде Бөлімнің мүддесін мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда білдіреді;
6) Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер жүргізіп және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларына тікелей жауапкершілік танытады;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Бөлімнің және оның ведомствосының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
1) «Ескелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Ескелді аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің басшысы А.К.Бейсбаев