Жетісу облысы Ескелді ауданы Қайнарлы, Төлеңгіт ауылдық округтерінің әкімдеріне кандидаттар ұсыну туралы
ХАБАРЛАМА
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес 2025 жылғы 16 наурызда Қайнарлы,Төлеңгіт ауылдық округтері әкімінің сайлауы өтеді.
2025 жылғы 05 ақпанда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қайнарлы, Төлеңгіт ауылдық округтері әкімінің сайлауын 2025 жылғы 16 наурызға тағайындады. Сайлау тағайындау және сайлау округтерін құру туралы қаулылар, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары, аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамы және сайлау учаскелерінің шекаралары аудан әкімдігінің сайтының «Сайлау» парақшасында орналастырылған және аудандық газеттерде жарияланды.
Барлығы сайлауда 1 аумақтық және 5 учаскелік сайлау комиссиялары, 34 сайлау комиссияларының мүшелері жұмыс істейді. Қайнарлы, Төлеңгіт ауылдық округтерінің бойынша сайлаушылар саны 2114 адам.
2024 жылдың 06 ақпаннаң бастап әкім болуға кандидаттар ұсыну басталды, ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі.
Кандидаттарды ұсыну мерзімінің аяқталуына қарай Қайнарлы, Төлеңгіт ауылдық округтерінің әкімі болуға 9 кандидат ұсынылды, оның ішінде 2 - "AMANAT" партиясынан, 7 - өзін-өзі жолымен ұсынды. Барлық кандидаттар бойынша мемлекеттік органдарға сұранымдар жолданып, сәйкестіктері анықталды.
Сайлауға дайындық жұмыстары жалғасуда.
Ескелді аудандық аумақтық сайлау комиссиясы