Кербұлақ ауданының әкімдігі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін қалған 6 лотқа уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша қайта конкурс жариялайды

Кербұлақ ауданының аумағында орналасқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне Қазақстан Республикасының Жер кодексінің  43-1, 48 бабының 6 тармағы негізінде, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін қалған 6 лоттарға уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі қайта өткізілетін конкурс     2025 жылдың 18 наурызында Сарыөзек ауылы, Б.Момышұлы көшесі  № 10 мекен жайда орналасқан Кербұлақ ауданы әкімдігінің ғимаратында жабық түрде өткізіледі.

Дата публикации
12 февраля 2025