Жетісу облысы Ескелді ауданы Сырымбет ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы туралы ХАБАРЛАМА

          2025 жылы 26 қаңтарда Сырымбет сайлау округі бойынша Ескелді ауданының Сырымбет ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына,      44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Сырымбет ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау нәтижелерін анықтады:

            Сырымбет ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1184 азамат енгізілді, оның 631-і, немесе 53,3% дауыс берді, жарамсыз бюллетендердің саны – 29, «бәріне қарсы» деген жолда – 4.

            Кандидаттар саны – 3, 3 – өзін өзі ұсынғандар.

            Әр үміткерге берілген дауыстар саны:

            Бегенов В.Б. – 344; Бекбулганов Р.Қ. – 35; Сүйінбай Р.Б. - 219.

            Сырымбет ауылдық округінің сайланған әкімі Бегенов Виктор Беленханович, 1967 жылы туған, Жетісу облысы, Ескелді ауданы, Сырымбет ауылының тұрғыны, өзін өзі ұсынған.

           Ескелді аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының  113-11 - бабының 1 тармағына сәйкес,  2025 жылғы 26 қаңтарда сайланған Ескелді ауданы Сырымбет ауылдық округінің әкімін 2025 жылғы 28 қаңтарда № 05 қаулысымен тіркеді.

                                    

Ескелді аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
28 января 2025