Ескелді аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 38-116 «Ескелді ауданының
2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ескелдi аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер 6 066 108 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер 557 396 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 149 280 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 396 371 мың теңге;
трансферттер түсімі 4 963 061 мың теңге;
2) шығындар 6 040 810 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу 149 416 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 286 209 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 136 793 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу 0 теңге;
мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) (-)124 118 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 124 118 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі 286 209 мың теңге;
қарыздарды өтеу 493 733 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 331 642 теңге.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |