«Ескелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылдың IV-ші тоқсанында көрсеткіштердің орындалуы туралы есебі
Әлеуметтік жағынан аз қамтылған аудан тұрғындарына мемлекеттік көмек көрсетуге 2024 жылға жалпы 698 млн. 360 мың теңге қаржы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне бөлінді, оның 93 млн. 974 мың теңгесі есептік кезенде игерілді.
Бөліммен 15 түрлі Мемлекеттік қызмет көрсеткіштері бекітілген, 2024 жылдың 4-ші тоқсанының қортындысы бойынша барлығы 1 562 мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның ішінде:
1) Атаулы әлеуметтік көмекке 277 өтініш түсті, оның 202 тағайындалып 46 294 мың теңге теңге төленді. Ал, 75 отбасына тағайындаудан бас тартылды. Себептері құжаттардың толықтығы емес, тексеру барысында жасырған жылжымайтын мүлік анықталғаны, табыстарын жасырған және учаскелік комиссияның шешімі.
202 отбасы немесе 1 094 адамға тағайындалған атаулы әлеуметтік көмек, ол:
Шартсыз АӘК – 49 отбасы, оның ішінде 197 адам.
Шартты АӘК – 153 отбасы, оның ішінде 897 адам.
Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдестірудің белсенді шараларына 74 адам қатысты, оның ішінде:
Тұрақты жұмыспен қамтылған – 60 адам.
Ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілген - 12 адам.
Әлеуметтік жұмыс орнына жіберілген - 1 адам.
Жастар практикасына – 1 адам.
2) Мұқтаж мүгедектігі бар азаматтарды протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету - 18 өтініш түсті, толықтай қамтамасыз етілді.
3) Мұқтаж мүгедектігі бар азаматтарды гигиена, сурдотехникалық және тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз ету - 70 өтініш түсті, толықтай қамтамасыз етілді.
4) Қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектігі бар жеке көмекшінің және есту бойынша үшінші топ мүгедектігі бар ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектігі бар құжаттарды ресімдеу – 1 өтініш түсті, толықтай қамтамасыз етілді.
5) Мүгедектігі бар азаматтарға кресло-арбалар беру - 6 өтініш түсті, толықтай қамтамасыз етілді.
6) Мүгедектігі бар азаматтарды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету - 10 өтініш келіп түсті, толықтай қамтамасыз етілді.
7) Мүгедектігі бар балаларды жеке оңалту бағдарламасы бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу – өтініш түспеді.
8) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру – 3 өтініш келіп түсті, толықтай қамтамасыз етілді.
9) Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау, төлеу – 118 өтініш түсті, толықтай қамтамасыз етілді.
10) Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 28 өтініш тіркелді, оның 28 ұзарту берілді.
11) Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету – 10 өтініш түсті, толықтай қамтамасыз етілді.
12) Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу – өтініш түспеді.
13) Ақталған адамға куәлік беру – 4 өтініш түсті, толықтай қамтамасыз етілді.
14) Тұрғын үй көмегін тағайындау, төлеу – 8 өтініш келіп түсті, 5 өтініш бойынша тұрғын үй көмегі көрсетілді, құжаттардың толық топтамасын ұсынбау себебінен 3 өтініш бойынша бас тартылды.
15) Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға жұмсалатын шығынды өтеу- біржолғы әлеуметтік көмек – 1 025 өтініш түсті, толықтай қамтамасыз етілді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттарға қолжеткізу көздері мен орындары: Бөлімнің ғимаратында көрнекті ақпарат құралдары – Қағидалардың мәтіні ілінген стендттер орналастырылған. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін БАҚ арқылы азаматтарға түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
2024 жылдың VI-ші тоқсанының қортындысы бойынша қөрсетілетін мемлекеттік қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.