«Ескелді ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылдың 4 тоқсанында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызмет туралы есебі
Бөлімінің орналасқан жері: индексі 040500, Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы, Оразбеков көшесі, №31.
"Құрылыс саласында құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығына, "Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2024 жылғы 19 шілдедегі № 270 бұйрығына, «Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 29 сәуірдегі
№202 бұйрығына сәйкес Ескелді ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі келесі мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді:
І." Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою " мемлекеттік қызметті көрсету тәсілі:
-өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "электрондық үкіметтің" веб-порталы бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
-Астана, республикалық және облыстық маңызы бар қалалар үшін - 3 (үш) жұмыс күні;
-аудандар үшін - 5 (бес) жұмыс күні.
ІІ. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығымен бекітілген «Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту Қағидаларының» 22-тармағына сәйкес жаңа құрылыс объектілері үшін жобалау алдындағы рәсімдерден өту қажет:
1) құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдарды алу ;
2) эскизді (эскиздік жобаны) әзірлеу және келісу).
"Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеуге арналған бастапқы материалдарды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызметі "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды алу үшін:
техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілерді салу жобалар бойынша - 15 (он бес) жұмыс күні;
техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерді салу жобалар бойынша - 17 (он жеті) жұмыс күні;
2) сәулет-жоспарлау тапсырмасы (бұдан әрі – СЖТ) және инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға арналған техникалық шарттарды (бұдан әрі – техникалық шарттар):
техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілерді салу жобалар бойынша - 9 (тоғыз) жұмыс күні;
техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерді салу жобалар бойынша - 15 (он бес) жұмыс күні;
3) тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарын өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін бастапқы материалдарды алу үшін - өтініш берілген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні.
Дәлелді бас тарту – 5 (бес) жұмыс күні.
ІІІ. «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі" "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 10 (он) жұмыс күні.
мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар көрсетілетін қызметті "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы белгіленген нысандағы өтінішті береді.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) Техникалық және технологиялық жағынан күрделі емес объектілер үшін көрсетілетін қызметті берушіге және порталға жүгінген кезде – 5 (бес) жұмыс күні;
2) Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерді көрсетілетін қызметті берушіге және порталға жүгінген кезде – 10 (он) жұмыс күні.
"Ескелді ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ-мен 2023 жылы келесі мемлекеттік қызметтер көрсетілген:
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттарға қолжеткізу көздері мен орындары: «Ескелді ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ ғимаратында көрнекті ақпарат құралдары – Қағидалардың мәтіні ілінген стендттер орналастырылған. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін азаматтарға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
2024 жылдың 4 тоқсанында қөрсетілетін мемлекеттік қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.
Ескертпе: есеп «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңының 23-бабының 5 және 6-баптарына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағдаларын жетілдіру мақсатында ұсынылды.