"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес 2025 жылғы 26 қаңтарда Сырымбет ауылдық округі әкімінің сайлауы өтеді.
2024 жылғы 18 желтоқсанда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сырымбет ауылдық округі әкімінің сайлауын 2025 жылғы 26 қаңтарға тағайындады. Сайлау тағайындау және сайлау округтерін құру туралы қаулылар, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары, аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамы және сайлау учаскелерінің шекаралары аудан әкімдігінің сайтының «Сайлау» парақшасында орналастырылған және аудандық газеттерде жарияланды.
Барлығы сайлауда 1 аумақтық және 1 учаскелік сайлау комиссиялары, 14 сайлау комиссияларының мүшелері жұмыс істейді. Сырымбет ауылдық округі бойынша сайлаушылар саны 1185 адам.
2024 жылдың 19 желтоқсанынан бастап әкім болуға кандидаттар ұсыну басталды, ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі.
Кандидаттарды ұсыну мерзімінің аяқталуына қарай Сырымбет ауылдық округінің әкімі болуға 5 кандидат өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынды. Барлық кандидаттар бойынша мемлекеттік органдарға сұранымдар жолданып, сәйкестіктері анықталды.
Сайлауға дайындық жұмыстары жалғасуда.
Ескелді аудандық аумақтық сайлау комиссиясы