2024 жылы 13 желтоқсанда мемлекеттік тұрғын үй кезегінде тұрған 33 отбасыға Ескелді ауданы, Алдаберген, Шымыр, Бактыбай, Ешкіөлмес ауылдарынан тұрғын үй берілді. Келесі санаттар бойынша: Жетім балалар, ата анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға-7 үй, халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына-17 үй, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алға, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға жататын Қазақстан Республикасы азаматтарға -9 үй.