Ескелді аудандық аумақтық референдум комиссиясының № 5 ШЕШІМІ  

Дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін

референдум учаскелерінің тізбесін бекіту туралы

 

Ескелді аудандық аумақтық референдум комиссиясының

                                                               (аумақтық референдум комиссиясының атауы)

№ 5 ШЕШІМІ

 

«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 29-бабы, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 38-бабы 3-тармағының негізінде учаскелік референдум комиссияларының ұсынуы бойынша референдум комиссиясы ШЕШТІ:

 

  1. Егер тізімге енгізілген азаматтардың бәрі дауыс берсе, дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін сайлау учаскелерінің тізбесі бекітілсін:

           

Р/б

№

Референдум учаскесінің

№  

Учаскенің орналасқан жері

1.        

132

Қарабұлақ а., С.Оразбеков к-сі 10, Ескелді АПБ УҰИ

 

  1. Бұл референдум учаскелерінде дауыстарды санау дауыс беру аяқталғаннан кейін басталсын.
  2. Осы шешім аумақтық референдум комиссиясының интернет-парақшасында жариялансын.
  3. Осы шешімнің көшірмесі тиісті облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың референдум комиссиясына жіберілсін.

 

 

Комиссия төрағасы                      _____________     Р.Жексенбеков

        МО                 (қолы)                       (аты-жөні, тегі)

 

Комиссия хатшысы                          _____________       Д.Турдиева

                                                                              (қолы)                      (аты-жөні, тегі)

 

2024 жылғы 29  қыркүйек

                         (шешімнің қабылданған күні)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескертпе: Шешім дауыс беру күніне жеті күннен кешіктірілмей қабылданады.

Дата публикации
25 сентября 2024