Жетісу облысы Ескелді ауданы Қаратал ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы туралы ХАБАРЛАМА

         2024 жылы 8 қыркүйекте Қаратал сайлау округі бойынша Ескелді ауданының Қаратал ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына,      44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Қаратал ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау нәтижелерін анықтады:

           Қаратал ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1412 азамат енгізілді, оның 1100-і, немесе 77,9% дауыс берді, жарамсыз бюллетендердің саны – 20, «бәріне қарсы» деген жолда – 6.

            Кандидаттар саны – 2, 2 – өзін өзі ұсынғандар.

            Әр үміткерге берілген дауыстар саны:

            Алимбаев С.М. – 930; Бекбулганов Р.Қ. – 144.

            Қаратал ауылдық округінің сайланған әкімі Алимбаев Серік Мұратұлы, 1972 ж.т., Жетісу облысы, Ескелді ауданы, Қаратал ауылының тұрғыны, өзін өзі ұсынған.

           Ескелді аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының  113-11 - бабының 1 тармағына сәйкес, 2024 жылғы 8 қыркүйекте сайланған Ескелді ауданы Қаратал ауылдық округінің әкімін 2024 жылғы 10 қыркүйекте № 10 қаулысымен тіркеді.

 

Ескелді аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
10 сентября 2024