Жетісу облысы Ескелді ауданының Қаратал ауылдық округі әкіміне кандидаттар ұсыну туралы
ХАБАРЛАМА
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес 2024 жылғы 8 қыркүйекте Қаратал ауылдық округі әкімінің сайлауы өтеді.
2024 жылғы 31 шілдеде аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қаратал ауылдық округі әкімінің сайлауын 2024 жылғы 8 қыркүйекке тағайындады. Сайлау тағайындау және сайлау округтерін құру туралы қаулылар, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары, аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамы және сайлау учаскелерінің шекаралары аудан әкімдігінің сайтының «Сайлау» парақшасында орналастырылған және аудандық газеттерде жарияланды.
Барлығы сайлауда 1 аумақтық және 2 учаскелік сайлау комиссиялары, 19 сайлау комиссияларының мүшелері жұмыс істейді. Қаратал ауылдық округі бойынша сайлаушылар саны 1426 адам.
2024 жылдың 1 тамызынан бастап әкімдікке кандидаттар ұсыну басталды, ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі.
Кандидаттарды ұсыну мерзімінің аяқталуына қарай Қаратал ауылдық округі әкімдігіне 3 кандидат өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынды. Барлық кандидаттар бойынша мемлекеттік органдарға сұранымдар жолданып, сәйкестіктері анықталды.
Сайлауға дайындық жұмыстары жалғасуда.
Ескелді аудандық аумақтық сайлау комиссиясы