Ескелді ауданы Қаратал ауылдық округі
әкімінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес, Ескелді аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ескелді ауданы Қаратал ауылдық округі әкімінің сайлауы 2024 жылғы 8 қыркүйекке тағайындалсын.
- 2024 жылғы 8 қыркүйекке тағайындалған Ескелді ауданы, Қаратал ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу бойынша негізгі іс - шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы Ескелді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет – парақшасында және «Жетісу шұғыласы» аудандық газетінде жариялансын.
Ескелді аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы Р.Жексенбеков
Ескелді аудандық сайлау
комиссиясының хатшысы Д. Турдиева