Жоба
Жетісу облысы Ескелді ауданы Бақтыбай ауылының
шекарасын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 5, 12-баптарына сәйкес, басқару органдарының пікірін ескере отырып Ескелді ауданының мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ және Ескелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қоса беріліп отырған схемалық картасына сәйкес, Жетісу облысы, Ескелді ауданы, Бақтыбай ауылының шекарасының аумағы 0,7650 гектарға кеңейтіліп, Бақтыбай ауылының жаңа шекарасы жалпы көлемі 441,065 гектар болып өзгертілсін.
- Осы бірлескен аудандық мәслихатының шешімі мен аудан әкімдігінің қаулысының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б. Тулакбаевқа жүктелсін.
- Осы бірлескен аудандық мәслихатының шешімі мен аудан әкімдігінің қаулысы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Аудандық мәслихатының
төрағасы К. Сатанов
|
|
| |
|
| |
|
|
Аудан әкімі Е. Ахметов
|
|