ЖОБА
Жетісу облысы Ескелді ауданындағы коммуналдық қалдықтарды басқару туралы
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 335 бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының Қазақстан Республикасының жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 16-5) тармақшасына сәйкес,
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Ескелді ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұсынған Ескелді ауданындағы коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасы бекітілсін (1 қосымшаға сәйкес).
- «Ескелді ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Осы қаулының Жетісу облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Ескелді ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Ескелді ауданы әкімінің орынбасары Б. Тулақбаевқа жүктелсін.
- Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы Аты-жөні