«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша І тоқсан қорытындысы

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша

І тоқсан қорытындысы

 

Ауылдық жерлерде кадр әлеуетін арттыру мақсатында «Дипломмен ауылға» жобасын жүзеге асырып келеді. Бағдарламаға денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен, ауыл, ауылдық округ әкімдіктерінің мемлекеттік қызметкері санатына жататын мамандар қатыса алады.

2024 жылдан бастап аудан орталықтарына келетін мамандар үшін бюджеттік несие 2500 АЕК немесе (9,2 млн. теңге), ауылдық елді мекендер үшін 2000 АЕК 7,3 млн.теңгеге дейін өседі.

Бюджеттік тұрғын үй несиесі несие сомасының жылдық 0,01% сыйақы мөлшерлемесімен 15 жылға беріледі. Сондай-ақ 100 АЕК (3692 мың теңге) мөлшерінде бір реттік жәрдемақы төлеу қарастырылған.

   Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығына сәйкес 2023 жылғы 1 сәуірден бастап «Отбасы Банк» «Дипломмен ауылға» жобасының уәкілетті агенті болып тағайындалды.

           Алушы өзiне әлеуметтiк қолдау шараларын алу кезінде  ауылдық елдi мекенiнде орналасқан ұйымында кемiнде үш жыл жұмысты өтеуге мiндеттемелер қабылдайды;

«Дипломмен – ауылға» жобасына қатысуға өтініш беру үшін оның қатысушысы otbasybank.kz порталында тіркеліп, ЭСҚ арқылы өтінішке қол қоюы қажет.

Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен немесе бір реттік парольмен куәландырылған Порталда тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушіге Портал арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. l) көтерме жәрдемақы алған кезде:

       осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

    жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар

сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

      білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

      көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;

      2) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:

       осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

      жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

      білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

      көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;

      неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік не некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

      Кредиттік бюродан есеп;

      3) тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде:

       осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

      жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

      білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

      көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;

      неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік не некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

      Кредиттік бюродан есеп.

      Осы Қағидаларда көзделмеген басқа құжаттарды ұсынуды талап етуге жол берiлмейдi.

      Көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит алуға бір мезгілде өтініш беруге жол беріледі.

      Портал арқылы жүгінген кезде өтінішке көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ немесе бір реттік парольмен куәландырылған көрсетілген құжаттардың (тиісті ақпараттық жүйелерден алынатын құжаттарды қоспағанда) электрондық (сканерленген) көшірмелері қоса тіркеледі.

 

Ағымдағы жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша, 90 өтініш түсіп, толығымен жауап қайтарылды.

2024 жылдың 1 тоқсанында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 35 маманға көтерме жәрдемақы алуға 12,9 млн. теңге бөлініп, толық игерілді.

         

 

 

 

Дата публикации
12 июня 2024