Кербұлақ ауданының аумағында орналасқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-1, 48 баптары негізінде, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі өткізілетін конкурс 2024 жылдың 22 сәуірінде Сарыөзек ауылы, Б.Момышұлы көшесі № 10 мекен жайда орналасқан Кербұлақ ауданы әкімдігінің ғимаратында жабық түрде өткізіледі.
Конвертерді ашылуы сағат 10:00-ден басталады. Өтінімдерді 2024 жылдың сәуір айының 01-19 күндер аралығында Сарыөзек ауылы, Б.Момышұлы көшесі № 10 мекен жайда орналасқан Кербұлақ ауданының әкімдігінің «Ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің» №10 кабинетінде қабылданады. Өтінімдердің соңғы қабылдау күні 2024 жылдың 19 сәуір сағат 18:00-ға дейін.