"Жетісу облысының ветеринария басқармасы" ММ " Ветеринариялық пункттері бар Ескелді ауданының ветеринариялық станциясы" ШЖҚ МКК сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА

"Жетісу облысының ветеринария басқармасы" ММ

" Ветеринариялық пункттері бар Ескелді ауданының ветеринариялық станциясы" ШЖҚ МКК сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша

АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 

"Жетісу облысының ветеринария басқармасы" ММ " Ветеринариялық пункттері бар Ескелді ауданының ветеринариялық станциясы" ШЖҚ МКК (бұдан әрі-Кәсіпорын) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы: "Жетісу облысының ветеринария басқармасы" ММ " Ветеринариялық пункттері бар Ескелді ауданының ветеринариялық станциясы" ШЖҚ МКК   

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу негізі:

"Жетісу облысының ветеринария басқармасы" ММ " Ветеринариялық пункттері бар Ескелді ауданының ветеринариялық станциясы" ШЖҚ МКК директорының 2023 жылғы 12 маусымдағы  № 31 –н/қ бұйрығы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:

 2023 жылғы 20 маусым -26 маусым аралығы.

Кәсіпорын қызметінің талданатын кезеңі:

2023 жылдың І жартыжылдығы

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

1) кәсіпорынның ішкі нормативтік құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) кәсіпорынның ұйымдық-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

  1. Кәсіпорынның қызметіне әсер ететін ішкі нормативтік құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Кәсіпорын өз қызметін "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрықтарына, Жарғыға, сондай-ақ кәсіпорынның ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес жүзеге асырады. 

Талдау барысында кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін реттейтін Жарғы мен ішкі нормативтік құжаттар зерттелді. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер мен ережелерді талдау нәтижелері бойынша анықталған жоқ.

  1. Кәсіпорынның ұйымдық-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Кәсіпорынның ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде зерттелетін уақыт аралығында келесі қызмет бағыттары қарастырылады.

1) персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы. 

Кәсіпорын кадрларын іріктеу тәртібі регламенттелген және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Кәсіпорынның бекітілген штат саны – 82 бірлікті құрайды: нақты саны – 82 қызметкер, бос лауазым – жоқ. Кәсіпорында есепті кезеңде 3 қызметкер жұмыстан босатылды (оның ішінде 1 ветеринар дәрігер, 1 ветеринар фельдшер, 1вет.санитар), Қызметкерлердің жұмыстан шығу себептері:  - 2 қызметкер өз бастамасы бойынша, 1 қызметкер - зейнетке шығуына байланысты. Кәсіпорынға 3 қызметкер қабылданды (1 ветеринариялық дәрігер, 1 ветеринариялық фельдшер, 1 вет.санитар).  Кәсіпорынның 2 пункт меңгерушілері ескерту алды, 3 пункт меңгеруші сөгіс алды өздеріне жүктелген міндеттерін жауапкершілікпен орындамағаны үшін. Қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту, сондай-ақ кәсіпорын қызметкерлерінің қылмыстық және әкімшілік сипаттағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны анықталмаған. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" ҚР Заңына сәйкес Кәсіпорында кәсіпорын қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық қызметінің алдын алуға, сондай-ақ кәсіпорын қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолданудың тиімділігін арттыруға бағытталған жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі.

 2) мүдделер қақтығысын реттеу 

Жақын туыстары (ата-аналары (ата-аналары), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты бос лауазымдарға орналасу кезінде аффилиирлену фактілері анықталған жоқ.

Кәсіпорын қызметінде сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардан өтініш түскен жоқ. 

Кәсіпорын қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау барысында мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

Әлеуетті өнім берушілердің мүдделеріне лоббизм жасауды болдырмау, сондай-ақ ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бойынша конкурстық рәсімдер Мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жүргізіледі. Талданатын уақыт аралығында Мемлекеттік сатып алу сайтында рәсімделмеген және орналастырылған 48шарт оның ішінде:

Тапсырыс беруші:

- баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен – 28 шарт;

- өткізілмеген мемлекеттік сатып алу боламаған жағдайда бір көзден сатып алу тәсілімен - 7шарт;

- тікелей келісім шарт жасау арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен – 9 шарт.

- товар биржасы арқылы – 1 шарт.

-Второй этап конкурса с использованием рамочного соглашения -3 шарт.

Өнім беруші: тікелей келісім шарт жасау арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен – 3 шарт.

Мемлекеттік сатып алу туралы барлық шарттарға қол қойылды және мерзімінде орындалды. Электрондық сатып алу веб-порталына есептер уақтылы ұсынылды. Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша Мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдерінде бұзушылықтар анықталған жоқ.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар:

3) мемлекеттік қызметтер көрсету.

Кәсіпорын екі мемлекеттік қызмет көрсетеді:

"Ветеринариялық анықтама беру";

"Ветеринариялық паспорт беру".

Талданатын уақыт аралығында кәсіпорынның ветеринариялық пункттері 3753 ветеринариялық анықтама берді және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасында 10638 бас ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жүргізілгеннен кейін паспорт дайындалды. 2023 жылының басынан бастап мал иелеріне мемлекеттік қызмет көрсету туралы 10146 жадынама таратылды.

Талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету ережелері мен стандарттарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын, әдеп кодексін және кәсіпорынның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы нұсқаулығын қатаң сақтау ұсынылады.

4) рұқсат беру функцияларын іске асыру.

Кәсіпорында рұқсат беру функциялары жоқ.

5) бақылау функцияларын іске асыру.

Кәсіпорында бақылау функциялары жоқ.

  1. Қорытынды бөлім

Кәсіпорын қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Кәсіпорын қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша шешілді:

  1. Кәсіпорынның функционалдық қызметіне, кәсіпорын қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы жиналыстарына қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманың нормаларын түсіндіру бойынша іс-шараларды ұдайы жүргізу, кәсіпорынның қызметі туралы уақтылы хабардар етуді, әлеуметтік желілерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы айдарларды жаңартуды қамтамасыз ету.

Топ мүшелері:

 

Е.Киялбеков       ________________________

 

А.Абилкасимов  ________________________

 

С.Сулейменова   ________________________

 

Г.Касенгалиева   ________________________

 

Ж.Жумабекова    ________________________

Дата публикации
25 июля 2023