Кербұлақ ауданының аумағында орналасқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-1 бабының 2 тармағы, 6 тармағы және 48 бабы негізінде, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі қайта өткізілетін конкурс 2023 жылдың 21 тамызда Сарыөзек ауылы, Б.Момышұлы көшесі № 10 мекен жайда орналасқан Кербұлақ ауданы әкімдігінің ғимаратында жабық түрде өткізіледі.
Конвертерді ашылуы сағат 10:00-ден басталады. Өтінімдерді 2023 жылдың тамыз айының 07-18 аралығында Сарыөзек ауылы, Б.Момышұлы көшесі № 10 мекен жайда орналасқан Кербұлақ ауданының әкімдігінің «Ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің» №10 кабинетінде қабылданады.
Өтінімдердің соңғы қабылдау күні 2023 жылдың 18 тамыз сағат 18:00-ға дейін.