Бүгін Ескелді аудандық сегізінші шақырылған мәслихатының кезекті ІІІ – сессиясы өтті

Бүгін Ескелді аудандық сегізінші шақырылған мәслихатының кезекті ІІІ – сессиясы өтті.
Сессияның жұмысына аудан әкімі Елдос Тұрсынбайұлы Ахметов, Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Қуаныш Жұмаханұлы Ноғайбеков және сессияға шақырылған аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары ауыл әкімдері, құқық қорғау органдарының басшылары, бөлім басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Сессияның күн тәртібінде қаралған мәселелер:

1. Ескелді ауданының және ауылдық округтерінің 2022 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы есебі;
2. «Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі» Ескелді ауданы әкімдігінің жанындағы Консультативтік–кеңесші органның 2022 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі;
3. Ескелді аудандық мәслихатының 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 27-140 «Ескелді ауданының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Күн тәртібінде бекітілген мәселелер жан-жақты талқыланып, толық қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Дата публикации
27 апреля 2023