Көкжазық ауылдық округі әкімін сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

 

Көкжазық ауылдық округі әкімін сайлау қорытындылары туралы

ХАБАРЛАМА

 

         2022 жылғы 18 желтоқсанда Көкжазық сайлау округі бойынша Көкжазық ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

         Ескелді аудандық сайлау комиссиясы " Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы "Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Ескелді ауданының ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1247 азамат енгізілді, оның ішінде 1034 адам ( 82,9%) дауыс беруге қатысты. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 34 "барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған-21

 

          Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

 Жайнарбеков Жарас Аманжолович – 22 адам (2,20%);

 Жумабаев Максат Бактыбаевич – 814 адам (81,4%);

 Темиргалиев Шариф Курбангалиевич - 143 адам (14,3%).

 

         Дауыс беру қорытындысы бойынша Көкжазық ауылдық округінің әкімі болып Жумабаев Максат Бактыбаевич сайланды, 1988 жылы туған, «Ескелді ауданы, Көкжазық ауылдық округі әкімінің аппараты»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маман заңгері, Көкжазық ауылдық округінің Көкжазық ауылында тұрады, "AMANAT"партиясы ұсынған.

Дата публикации
19 декабря 2022