Ескелді  ауданы әкімшілігінің кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының 2022 жылдың 11 айдағы жұмысының қорытындысы   

 

Ескелді  ауданы әкімшілігінің кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының 2022 жылдың 11 айдағы жұмысының қорытындысы 

 

Ескелді ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы үлгі ережені бекіту туралы» 2001 жылғы 11 маусым N 789 қаулысы негізінде жұмыс атқарады.

2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 214 аудан әкімінің қаулысына, Ескелді аудандық мәслихатының 2022 жылғы 6 қазандағы № 37-126 шешіміне сәйкес Комиссия құрамына өзгерістер енгізіліп, 13 комиссия мүшесі бекітілді.

        Комиссия өз қызметін 2022 жылға бекітілген жұмыс жоспары бойынша жүзеге асырады. 2022 жылдың 11 айында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия 22 жоспарлы, дербес 2 және жоспардан тыс 6 отырыс өткізді.    Жалпы отырыстарда 45 мәселе, оның ішінде құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағандарға қатысты-2, арнаулы білім беру ұйымдарына жіберуге қатысты – 3, оқудан жалтарған кәмелетке толмағандарға қатысты – 1, тәрбиеден жалтарған ата-аналарға қатысты-3, кәмелетке толмағандар арасындағы суицид мәселелері-4, басқалар-32. 

        Жалпы білім беретін оқу орындарына дәлелсіз себептермен бармайтын қараусыз және қадағалаусыз балаларды, кәмелетке толмағандарды, тұрмысы қолайсыз отбасылардан шыққан балаларды, сондай-ақ балалар еңбегінің заң емес түрлерін пайдалану фактілерін анықтау мақсатында «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім» және басқа да республикалық және өңірлік жедел-алдын алу іс-шаралары тұрақты негізде жүргізіледі.

      2022 жылдың 11 ай қорытындысы бойынша аудан аумағында жедел-профилактикалық-3, рейдтік-10, акция -2 іс-шаралар өткізілді.

Комиссия өз құзыреті шегінде:

      1) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау және қалпына келтiру, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен шарттарды анықтау және жою, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу, кәмелетке толмағандарды зорлық-зомбылықтан және қатыгездікпен қараудан, кәмелетке толмағандар арасындағы қоғамға жат әрекеттерден қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;

      2) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгездікпен қараудың профилактикасы, оларды әлеуметтік оңалту жөніндегі мемлекеттiк органдардың қызметін жетілдіруге бағытталған бағдарламалар мен әдiстемелердi әзiрлейдi;

      3) бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарда кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, ұстау жағдайларын бақылауды қамтамасыз етуге қатысады;

      4) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгездікпен қараудың жай-күйiн зерделейдi және осы мәселелер бойынша әлеуметтанушылық зерттеулер жүргiзудi ұйымдастырады;

      5) бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар желісінің дамуына жәрдем көрсетеді және олардың қызметінің мониторингін қамтамасыз етеді;

      6) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгездікпен қараудың профилактикасымен айналысатын органдар мен ұйымдардың оң жұмыс тәжiрибесiн жинақтайды және таратады, оларға әдiстемелiк және практикалық көмек көрсетедi;

      7) мүдделi мемлекеттiк органдар басшыларының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгездікпен қараудың профилактикасы, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру жөнінде жүргiзген жұмыстары туралы есептерiн тыңдайды және олардың арасында жетекшiлiк ететiн мәселелер бойынша ақпарат алмасуды ұйымдастырады;

      8) кәмелетке толмағандарды арнайы білім беру ұйымдарына және ерекше ұстау режимі бар білім беру ұйымдарына жіберу мәселелері бойынша сотқа материалдар дайындауға қатысады;

      9) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған не арнайы білім беру ұйымдары мен ерекше ұстау режимі бар білім беру ұйымдарынан оралған кәмелетке толмағандарды жұмысқа және тұрмыстық орналастыруда, сондай-ақ өмірде қиын жағдайда жүрген кәмелетке толмағандарды әлеуметтік оңалту жөніндегі өзге де функцияларды жүзеге асыруда мүдделі органдардың қызметін үйлестіреді;

      10) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгездікпен қараудың профилактикасы жөнінде жүргiзiлген жұмысты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды ұйымдастырады;

Комиссияның негізгі функциялары:

      1) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруда және қорғауда оларға жәрдем көрсету;

      2) кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының, қараусыз, панасыз қалуының және қоғамға қарсы әрекеттерiнiң алдын алу жөнiндегi жұмыстың жай-күйi туралы, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуы анықталған фактiлерi туралы мүдделi мемлекеттік органдар мен ұйымдарды үнемі хабардар ету;

      3) өмiрi мен денсаулығына қауiп төнетiн жағдайдағы кәмелетке толмағандарды анықтау және әлеуметтiк оңалту, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, ұстау, олардың өмiрi мен денсаулығын қорғау жөнiндегi өздерiнiң мiндеттерiн орындамайтын, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың қалыпты дене және рухани дамуына терiс әсер ететiн немесе оларға қатігездікпен қарайтын ата-аналарды немесе өзге де заңды өкiлдердi белгілеу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;

      4) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына немесе шектелуiне байланысты кәмелетке толмағандардың, олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкiлдерi мен басқа адамдардың шағымдары мен өтiнiштерiн қарау;

      5) белгiленген тәртiппен кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн сотқа жүгiну;

      6) мемлекет көмегiне мұқтаж және өмірде қиын жағдайда жүрген кәмелетке толмағандарды қолдау туралы қорғаншылық және қамқоршылық органдарына ұсыныстар енгiзу;

      7) кәмелетке толмағандарды физикалық және психикалық күш көрсетуден, қылмыстық кемсiтушіліктің барлық нысандарынан, жыныстық және өзге де пайдаланудан, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қоғамға жат іс-әрекет жасауға тартудан қорғауды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдау;

      8) қылмыстық жауапкершiлiк жүктелетiн жасқа толғанға дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстық белгiлерi бар, қоғамдық қауiптi іс-әрекет фактiлерi бойынша материалдарды қарау;

      9) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, олардың қараусыз және панасыз қалуының профилактикасымен айналысатын органдар мен ұйымдар, кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелер жұмысының оң тәжірибесін жинақтау және тарату, оларға әдістемелік және практикалық көмек көрсету;

      10) балаларды тәрбиелеумен және оқытумен, кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтарының және қараусыз қалуының профилактикасымен айналысатын тиiстi мемлекеттiк органдарға, сондай-ақ олардың ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, өзге де органдар мен ұйымдарға:

      кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қауіпсіздігі орташа мекемелерден босатылған;

      арнайы бiлiм беру ұйымдарынан, ерекше ұстау режимі бар білім беру ұйымдарынан оралған;

      әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылған;

      бiлiм беру ұйымдары тарапынан көмек пен бақылауға мұқтаж басқа да кәмелетке толмағандармен жеке профилактикалық жұмыс жүргiзудiң қажеттiгi туралы ақпарат жiберу;

      11) спирттiк iшiмдiктердi, есiрткi құралдарын, психотроптық немесе есеңгiрететiн заттарды қолданатын кәмелетке толмағандарға қатысты материалдарды тиiстi емдік-профилактикалық және оңалту шараларын жүргiзу үшiн ата-аналарының келiсiмiмен денсаулық сақтау мекемелерiне жiберу;

      12) мектеп жасындағы кәмелетке толмағандардың жалпы бiлiм беретiн оқу орындарына ұзақ уақыт келмей жүргені туралы бiлiм беру ұйымдары әкiмшiлiгiнiң ұсынымдарын қарау;

      13) кәмелетке толмағандарға және олардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкiлдерге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және осы Ережеде көзделген жағдайларда және тәртiппен ықпал ету шараларын қабылдау;

      14) арнайы білім беру ұйымының, ерекше ұстау режимі бар білім беру ұйымының әкімшілігімен бірлесіп, кәмелетке толмағанның көрсетілген мекемелерде болуын мерзімінен бұрын тоқтатуға, сондай-ақ онда болу мерзімін ол қылмыс немесе қасақана әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар іс-әрекет жасаған жағдайларда ұзартуға немесе кәмелетке толмағанның немесе оның заңды өкілдерінің өтініші бойынша оны басқа арнайы білім беру ұйымдарына, ерекше ұстау режимі бар білім беру ұйымдарына ауыстыруға байланысты мәселелер бойынша сотқа ұсыным дайындау;

      15) кәмелетке толмаған сотталушыны жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату не жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру туралы жазаны орындайтын мекеме әкімшілігінің ұсынысын қарау бойынша кәмелетке толмағандар құқықтарының өкілі ретінде сот отырысына қатысу;

      16) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен кәмелетке толмағандардың бiлiм беру және мәдениет ұйымдарына, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына, өмірде қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарына, кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қауіпсіздігі орташа мекемелерге, арнайы бiлiм беру ұйымдарына, ерекше ұстау режимі бар білім беру ұйымдарына, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, ұстау, олардың денсаулығын сақтау жағдайларын тексеру және құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мақсатында тиiстi аумақтарда орналасқан арнайы бiлiм беру ұйымдарына бару (кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ оларды ұстау, оқыту және тәрбиелеу жағдайларын бұзу анықталған жағдайда оларды жою жөнiнде ұсыныс енгiзу);

      17) бiлiм беру ұйымдарында олардың меншiк нысанына қарамастан кәмелетке толмағандармен тәрбиелік, құқықтық, бiлiм беру және сауықтыру жұмыстарының жай-күйiн зерделеу;

      18) кәмелетке толмағандардың Қазақстан Республикасының бiлiм туралы заңнамасына сәйкес тегiн бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім және конкурстық негiзде – тегiн техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары бiлiм алуына жәрдемдесу;

      19) кәмелетке толмағандардың кепілдендірілген мемлекеттік көмек алуына жәрдемдесу;

      20) кәмелетке толмағандардың мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттарды алуына жәрдемдесу;

      21) кәмелетке толмағандардың демалуға, сауықтырылуға және бос уақытын өткізуге құқығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

      22) кәмелетке толмағандарға арналған әлеуметтік инфрақұрылымды қалыптастыруға қатысу;

      23) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды міндетті түрде жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етуді белгіленген тәртіппен жүзеге асыруды үйлестіру;

      24) кәмелетке толмағандардың отбасында тұру және тәрбиелену құқықтарын іске асыруға жәрдемдесу;

      25) қылмыстық құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың немесе өзге де заңсыз іс-әрекеттің салдарынан дене жарақатын немесе психологиялық жарақат алған кәмелетке толмағандарға жәрдемдесу, денсаулығын қалпына келтіруге және әлеуметтiк бейiмделуге қажеттi көмек көрсету болып табылады.

 

 

Дата публикации
14 декабря 2022