Ескелді ауданы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-1 бабына сәйкес Ескелді аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ етеді:
- Ескелді ауданының
- Көкжазық ауылдық округі әкімінің сайлауы 2022 жылдың 18 желтоқсанға тағайындалсын.
- 2022 жылдың 18 желтоқсанға тағайындалған Ескелді ауданы Көкжазық ауылдық округ әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу бойынша негізгі іс-шалардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы Ескелді аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және «Жетісу шұғыласы» аудандық газетінде жариялансын.
Аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы Р.Жексенбеков
Аудандық сайлау
комиссиясының хатшысы Г.Кыдырманова
Қарабұлақ ауылы
18.11.2022 ж.
№25