Ескелді ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша сайлау округ құру туралы

Ескелді ауданының ауылдық округтері

әкімдерін сайлау бойынша

сайлау округ құру туралы

 

           "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Ескелді аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ескелді ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша сайлау округ құру:

           1) Көкжазық ауылдық округінің әкімі – Көкжазық ауылдық округінің шекарасындағы Көкжазық сайлау округі;

  1. Сайлау округтерінің тізімі олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетілген Ескелді аудандық сайлау комиссиясының интернет - парақшасында және «Жетісу шұғыласы» аудандық газетінде жариялансын.

 

 

   Аудандық сайлау

   комиссиясының төрағасы                               Р.Жексенбеков

 

  

   Аудандық сайлау

   комиссиясының хатшысы                               Г.Кыдырманова

 

 

 

 

Қарабұлақ ауылы

18.11.2022 ж.

№26

 

Дата публикации
18 ноября 2022