Ескелді аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 тамыздағы
№ 68-387 «Ескелді ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру
және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ескелді аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген шешімнің 1,2 тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес, Ескелді ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар айқындалсын.
көрсетілген шешім келесі мазмұндағы 2-1 тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес, Ескелді ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.».
көрсетілген шешімнің 1, 2 қосымшалары осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Көрсетілген шешім осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес 3 қосымшамен толықтырылсын.
|
Ескелді аудандық мәслихатының хатшысы |
|
К. Сатанов |