Ескелді ауданында көп пәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуге, лифтілерді ауыстыруға және жөндеуге байланысты шығындарды пәтер, тұрғын емес үй-жайлар иелерінің өтеу қағидаларын бекіту туралы  

 

 

Ескелді ауданында көп пәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуге, лифтілерді ауыстыруға және жөндеуге байланысты шығындарды пәтер, тұрғын емес үй-жайлар иелерінің өтеу қағидаларын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3 бабының 2 тармағының 11) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 16-5) тармақшасына сәйкес, Ескелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Ескелді ауданында көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің лифтілерді жөндеу мен ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуге байланысты шығындарды өтеу қағидалары бекітілсін.
  2. Ескелді ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

 2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Ескелді ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

                

              Аты-жөні

 

Дата публикации
07 октября 2022