Ескелді ауданының әкімдігі ММ «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілер арасында ішкі конкурс жариялайды
Индекс 040500, Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы, Оразбеков көшесі № 67, телефон/факс: 8(72836) 3-03-27, Эл. мекен-жай: eskeldy-kadry@mail.ru, БИН 990640002587, Электрондық пошта: www.eskeldy.zhetysu.gov.kz
Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі №158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.
Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президент туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»,«Әкімшілік рәсімдер туралы», «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар қатысуына қатысты ақпарат: Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.
Әңгімелесу өтетін орны: Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы, Оразбеков көшесі, №67.
Әңгімелесу өтетін уақыты: Әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде өтетін болады.
Е-G-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Мамандығы: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейнгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім.
Құзыреті: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес.
Функционалдық міндеттері: Округ әкімінің шешімдері мен өкімдерін дайындайды. Азаматтардың өтініштерін қарап, жауаптарының жобасын әзірлейді. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайлары бойынша кеңестер береді; Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлеріне кадр мәселелері бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді; Аудандық Жер қатынастар бөлімі, Аудан әкімі аппаратының персоналды басқарулың бірыңғай қызметі бөлімшесі, жалпы және қаржы шаруашылығы бөлімшесімен, ХҚКО, Мұрағат, мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімшелерімен жұмысты ұйымдастыруға жауапты. Мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда ауылдық округ әкімі аппаратының құқығын қорғайды. «Айқын», Е-gov, «Е-өтініш» «Е-қызмет», «Е-лицензиялау», ақпараттық жүйесіне ақпараттардың уақытылы енгізілуін қамтамасыз ету; Аудандық Терроризмге қарсы комиссия және құқықбұзушылық туралы комиссиялардың тапсырмаларды ауылдық округ көлемінде орындайды. Әділет баскармасының . миграция, пробация бөлімі, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышына қатысты жұмыстарды атқарады. Техникалық қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету; Ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз ету. Ауылдық округ әкімінің тапсыруы бойынша басқа да жұмыстарды атқарады; Мемлекеттік тілді білуі, компьютерде жұмыс істей білуі міндетті.
Функционалдық блок «Б».