Ескелді ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясымен, жыл басынан бастап 8 комиссия отырысы өткізіліп, олардың ішінде 6 кезекті, ал кезектен тыс 2 комиссия отырысы өтті. Жоғарыда көрсетілген кезектен тыс 2 іс-құжат аудандық полиция бөлімінен келіп түсті. Келіп түскен іс-құжат бойынша келесі шешімдер қабылданды:
1) «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 591 Заңының негізінде, девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымға орналастыру-1;
2) Ата-анасының құқығынан айыру-1.