Ескелді ауданының әкімдігі ММ «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілер арасында ішкі конкурс жариялайды

Ескелді ауданының әкімдігі  ММ «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілер арасында ішкі конкурс жариялайды

 

         Индекс 040500, Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы, Оразбеков көшесі № 67, телефон/факс:  8(72836) 3-03-27, Эл. мекен-жай: eskeldy-kadry@mail.ru, БИН 990640002587, Электрондық пошта: www.eskeldy.zhetysu.gov.kz

 

         Үміткерлер мен конкурсқа қатысушыларға арналған жалпы ақпарат:

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

      1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);

      2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі №158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

      Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.    

Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.        

  Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президент туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»,«Әкімшілік рәсімдер туралы», «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарын,  Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар қатысуына қатысты ақпарат:  Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

Әңгімелесу өтетін орны:   Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы, Оразбеков көшесі, №67.

Әңгімелесу өтетін уақыты:  Әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде өтетін болады.

Е-G-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

       E-G-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейнгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім:   

      Ескелді ауданы Жалғызағаш ауылдық округі әкімінің аппараты бас маманы, Е-G-3 санаты, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 195 549 теңгеден 224 624 теңгеге дейін, , индексі (18-01-01), 1-бірлік.

         Мамандығы: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейнгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім:   

         Құзыреті: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес.

          Функционалдық міндеттері:  Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының  Президентінің Жарлықтарын, Қаулыларын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулыларын, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдері, нормативтік-құқықтық актілердің, аудан және ауылдық округ әкімінің шешімдері  мен  өкімдерін  бақылауға алып оның орындалуын  және заңдылығын  қамтамасыз етеді; Ауылдық округ әкімінің өкімдері мен шешімдерін дайындайды;Округ әкімінің шешімдері мен өкімдерін тиісті журналдарға  тіркеуді қамтамасыз етеді;  Ауылдық округ әкімі аппаратының заңгерлік жұмысын қамтамасыз етеді;Мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда ауылдық округ әкімі аппаратының құқығын қорғайды; Әкім  аппараты  атынан сот процесстеріне қатысады; Округ әкімінің тапсырмаларын орындайды;   Қазақстан Республикасы Рәміздері  туралы жинақтау папкасын жүргізеді; Мекеменің мемлекеттік қызмет түрлерінен қызмет көрсетуге жауапты; Діни бірлестіктің жинақтау папкасы; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасын жүзеге асыру туралы ж/п, бекітілген іс-шаралардың орындалуын қадағалайды; Округ бойынша түнгі жарық электр жүйесін және санитарлық тазарту, көгалдандыру жұмыстарын қадағалайды; Азаматтар өкілдерінің бас қосулары мен жиналыстарының хаттамасын жүргізуге жауап береді; Аппарат қызметкерлерін: ережені, жұмыс регламентін сақтауын қамтамасыз етеді; Округ бойынша қызметкерлердің жеке істерін, еңбек кітапшаларын жүргізеді; Аппарат қызметкерлері күнделікті жұмысқа келу туралы табельді жүргізеді; Аппарат мамандарының қызметтік құжат қағаздарын толтырып өзінде сақтайды; «Мемлекеттік тіл» туралы Заңының орындалуына және тілдерді қолданумен дамытуына жауапты; Азаматтардың өтініштері мен арыздарын қабылдауға  және тіркеуге жауапты; Азаматтардың арыз – шағымдары мерзімінде есепке алу мен тиісті журналдарға  тіркеуге жауапты; Азаматтардың, заңды тұлғалардың өтініш арыз шағымдарын күнделікті «Айқын» электронды бағдарламасына енгізу, аудандық әкімдікке өткізу; Келіп түскен өтініштерге уақытында жауап беру; Сенім жәшігіне түскен арыздар мен шағымдарды тексеруге және тіркеуге жауапты; Сайлау бойынша құжаттарды дайындауға жауапты; Көп балалы аналардың  «Алтын»  және  «Күміс» алқа алу үшін құжаттарды дайындап, өткізуге жауапты; Округ әкімі өткізген жиналыстарының хаттамаларын жасауға жауапты; Ауылдық округ әкімінің тапсыруы бойынша басқа да жұмыстарды атқарады; Мемлекеттік тілді білуі, компьютерде жұмыс істей білуі міндетті.

 

Дата публикации
08 апреля 2022