Ескелді ауданының әкімдігі ММ «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды

Ескелді ауданының әкімдігі  ММ «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды

 

         Индекс 040500, Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы, Оразбеков көшесі № 67, телефон/факс:  8(72836) 3-03-27, Эл. мекен-жай: eskeldy-kadry@mail.ru, БИН 990640002587, Электрондық пошта: www.eskeldy.zhetysu.gov.kz

 

         Үміткерлер мен конкурсқа қатысушыларға арналған жалпы ақпарат:

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 7 жұмыс күні, ол  жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

         Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

         1) Өтініш;

         2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

         3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

         "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

         "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

         Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

         Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі конкурстық комиссия хатшысының оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тапсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.

         Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

         Конкурс комиссиясының материалдары, конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылардың құжаттары, сондай-ақ конкурстық іріктеуден өтпеген адамдардың қызметтік тізімі, өтініш және құжаттары персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) конкурс аяқталған сәттен бастап бір жыл ішінде сақталады.

Конкурстық іріктеуден өтпеген адамдардың өтініштері негізінде оларға осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында, сондай-ақ 79-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттар қайтарылады. Көрсетілген құжаттардың көшірмелері алынады және олар персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) сақталады.

Осы Қағидалардың 76 және 79-тармақтарында көрсетілген құжаттарды сақтау мерзімі Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 263 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15997 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесіне сәйкес айқындалады.

  Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар мен сарапшылардың қатысуына қатысты ақпарат:

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

Әңгімелесу өтетін орны:  Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы, Оразбеков көшесі № 67.

         «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға  үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен  заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламалары:

          «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға арналған  тестілеу 3 бағдарламасының 7 Заң бойынша тапсырылады. 

         Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест                (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

         Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (15 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі туралы» (15 сұрақ), "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестер.

         Лауазымдар санаттары: C-R-5, E-4, E-5, E-R-4, E-R-5, E-G-3, E-G-4.

Бағдарламада барлығы – 100 сұрақ (85 минут). Өту баллы–50.        «Б» корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: стресске орнықтылық (10 тапсырма), бастамашылдық (10 тапсырма), жауапкершілік (10 тапсырма), қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану (10 тапсырма), адалдық (10 тапсырма), өздігінен даму (10 тапсырма), жеделділік (10 тапсырма), ынтымақтастық және әрекеттестік (10 тапсырма), қызметті басқару (10 тапсырма), шешім қабылдау (10 тапсырма), көшбасшылық (10 тапсырма), стратегиялық ойлану (10 тапсырма), өзгерістерді басқару (10 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тапсырмалардан тұрады.

 Тестілеу сондай-ақ растық деңгейін анықтауға арналған сұрақтарды қамтиды.

 Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуді өту мәні растық деңгейі бойынша кем дегенде 50% құрайды.

 Тесттерді орындау үшін жалпы уақыт 100 минутты құрайды.

       E-G-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

      Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

      жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

  1. Ескелді ауданы Төлеңгіт ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, Е-G-4 санаты, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 168 57 теңгеден 193 642 теңгеге дейін, , индексі (13-01-05), 1-бірлік.

         Мамандығы: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейнгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: бизнес, басқару және құқық (менеджмент және/немесе қаржы және/немесе статистика және/немесе есеп және аудит және/немесе дүниежүзілік экономика және/немесе экономика және/немесе мемлекеттік және жергілік басқару және/немесе жобаларды басқару)

         Құзыреті: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес.

          Функционалдық міндеттері: Азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы   Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті  мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі; Қазақстан Республикасының заңдарының, Қазақстан Республикасының  Президентінің Жарлықтарының, облыс, аудан және ауылдық округі әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді; Аудан әкімі аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихатытың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді; Қаржыландыру, бухгалтерлік есеп және есептілік бойынша жоспарлар дайындап, орындалуын қамтамасыз етеді; Аппараттың бюджетінің орындалуы туралы тоқсандық, жылдық бухгалтерлік есептерді дайындайды; Аппарат қызметкерлерінің саны, еңбекақы қорын жұмсау және т.б. туралы тоқсандық,  жылдық Н-1-Е статистикалық есептерді дайындайды; Аппараттың негізгі құралдарын, мүлігін және тауар-материалдық құндылықтарын түгендеу туралы құжаттарды жүргізеді; Берілген сенімхаттарды есепке алу журналын жүргізеді; «Бас кітап» журналын жүргізеді; Мемлекеттік сатып алу бойынша баға ұсыныстарын, конкурстық құжаттаманы,төлем шоттарын тіркеуді электрондық түрде жүргізеді; Аппараттың қызметкерлеріне еңбекақыларын есептеп, дайындайды; Жинақтау зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын аударуды есепке алу карточкаларын  жүргізеді; Аппарат қызметкерлерді материалдық-техниқалық жабдықтармен қамтамасыз етеді; Жартыжылдықта бір рет негізгі және қосалқы құрал-жабдықтарын түгендеу жұмыстарын жүргізеді: Мерекелік шараларды ұйымдастыруға қатысады; Техникалық қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз етеді; Ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз етеді; Аппараттың ішкі еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді. Ауылдық округ әкімінің тапсыруы бойынша басқа да жұмыстарды атқарады. Мемлекеттік тілді білуі, компьютерде жұмыс істей білуі міндетті

Дата публикации
08 апреля 2022