Жастар саясаты

Ескелді ауданында атқарылған жұмыстар бойынша.

Ескелді ауданы бойынша 11 574 жас тіркелген. Аталған Жастар тіршілікті қамтамасыз етудің түрлі санаттары бойынша бөлінген және тиісті жұмыстар жүргізілуде. 2020 жылғы статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жұмыссыз жастар санатында 153 жас тіркелген. 2019 жылдың қорытындысы бойынша NEET санатындағы жастар саны 46, биыл-42.

"Дипломмен ауылға"жобасы аясында

Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады.

2019 жылы 47 маман көтерме жәрдемақы алды (оның ішінде білім беру саласында-27 маман, денсаулық сақтау саласында - 18 маман, Агроөнеркәсіптік кешенде - 2 маман),

Тұрғын үй сатып алуға барлығы 44 маман бюджеттік несие алды (оның ішінде білім беру саласында – 29 маман, денсаулық сақтау саласында – 10 маман, мәдениет саласында – 2 маман, Агроөнеркәсіптік кешенде - 3 маман).

"Жасыл ел" бағдарламасы бойынша биыл (маусым айында) 30 жасақ жұмысқа орналастырылды. Жасақшылар қатарында жұмыссыздар, студенттер, маргиналдар, көп балалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі балалар жұмыс істейді.

Ауданда 55 жыл "жастар тәжірибесінен" өту жоспарлануда, бүгінгі таңда 33 жас "жастар тәжірибесінен"өтуде.

Төтенше жағдайға дейін елімізде 112 іс-шара өткізілді. Спорттық бағытта – 32, қайырымдылық бағытта–66, діни бағытта-6, "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында 8 іс-шара өткізілді.

Ұлтаралық келісімді насихаттау мақсатында Абай өлеңдерін оқу конкурсы, сондай-ақ бейбітшілік пен бірлікті насихаттау мақсатында басқа ұлт өкілдерінің қатысуымен "Біз біргеміз!"- бейнероликтер түсіріліп, аудан орталығының дастар рессурс әлеуметтік парақшасында жарияланды.

Біздің ауданда 120-дан астам еріктілер бар. Аудан бойынша төтенше жағдай кезінде "Біз біргеміз" акциясы аясында 278 отбасына азық-түлік көмегі көрсетілді. Жалпы, еріктілер карантин кезінде көп балалы, аз мобильді, жетім, аз қамтылған отбасыларға қаржылай, азық-түлік көмегін көрсетті.

Төтенше жағдай кезеңінде 11 онлайн-сұхбат өткізілді, 2 онлайн-спорттық жарыстар өткізілді және әлеуметтік желілерге сыбайлас жемқорлық бойынша 4 бейне, дін бойынша 6 бейне, қайырымдылық бойынша 9 бейне орналастырылды.

Аудан жастарын ақпараттандыру мақсатында 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында аудандық және облыстық БАҚ беттерінде биыл 41 мақала жарияланды.

Жастар саясаты
Дата публикации
28 февраля 2022