Ескелді ауданының әкімі
Р. Т. Рақымбековтың аудан тұрғындарымен өткізетін кездесудегі есепті баяндамасы
Құрметті есепті кездесуге қатысушылар!
Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2016 жылғы 5 ақпандағы "Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы" № 190 Жарлығына сәйкес, өткен жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алда тұрған міндеттерді орындаймыз.
2020 жылы аудандық жергілікті атқарушы органдардың жұмысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеп берген «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауын іске асыру бойынша жүргізілді.
Ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуында тұрақты серпін сақталып, барлық көрсеткіштер жоспарға сәйкес орындалды.
2020 жылдың қорытындысы бойынша салық түсімдері - 2 млрд. 187 млн. 610 мың теңге болып, жоспар – 112,3 % -ға орындалды.
Оның ішінде: жергілікті бюджет - 1 млрд. 731 млн. 107 мың теңге (115,4 %), республикалық бюджет – 456 млн. 503 мың (101,9 %) теңгені құрады.
2020 жылдың 12 айында бюджет шығындары 14 млрд. 57 млн. 312 мың теңгені құрап, 99,6 %-ға орындалды. (12 айдың болжамы – 14 млрд. 113 млн. 956 мың теңге).
2020 жылдың қаңтар – желтоқсан айларында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі – 37 млрд. 898,4 млн. теңгені құрап, нақты көлем көрсеткіші –102,7 %-ды болды. (2019 жылдың 12 айы – 35 млрд. 333,5 млн. теңге). Оның ішінде мал шаруашылығында - 15 млрд. 519,5 млн. теңгеге, өсімдік шаруашылығында – 22 млрд. 244,2 млн. теңгеге өнім алынды.
Ауылшаруашылық дақылдарының барлық себілген жер көлемі – 50 255 га, оның ішінде масақты дәнді дақылдар 27 363 га, майлы дақылдар 12 540 га, картоп 2 315 га, көкөніс 1 014 га, бақша 65 га-ға себілді.
Ағымдағы жылы масақты дәнді дақылдарды жинау жұмыстары бойынша 26,6 мың гектар (100%) алаңда 67 мың тонна өнім орылып, орташа гектар өнімділігі 25,2 центнерді құрады.
Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін 48 мың тонна картоп (100%), 24,7 мың тонна көкөніс (100%), 2,2 мың тонна бақша дақылдары (100%), 27,2 мың тонна майбұршақ (100%) жиналды.
Қант қызылшасын жинап-өткізу бойынша шаруашылықтарға барлық мүмкіндіктер жасалынып, бақылауға алынып 3415 гектардан 190 мың тонна тәтті түбір жиналды. Орташа өнімділік 556 ц/га құрады.
Сондай ақ, 2019 жылы Көксу қант зауыты 232 мың тонна қант қызылшасын 6 ауданнан жинап алды. Тәтті түбірдің 55 пайызын біздің аудан диқандары өткізді.
Мемлекет тарапынан қолдау көрсету мақсатында аудан бойынша егін шаруашылығындағы қант қызылшасының тұқымына, зауытқа өткізген өніміне субсидия алуға құжаттар қабылданып, 955,8 млн. теңге көлемінде қаражат берілді.
Мал шаруашылығында барлығы 12191,3 тонна мал және құс еті өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 106,9 %-ға артты, 33650,1 тонна сүт сауылып (104,1 %), әр сиырдан сауылған сүт орташа 2746 литрден айналды, 7,6 млн. дана жұмыртқа өндіріліп (104,0 %), 344,4 тонна жүн алынды (113,9 %).
Аудан бойынша 2020 жылдың 12 айында мал басының барлық түрінен өсім сақталуда: 40 700 бас ірі қара,135 601 бас қой мен ешкі, 12 417 бас жылқы, 1 714 бас шошқа, 97 бас түйе және 56 510 құс бар.
Ауданға 2020 жылы жалпы соммасы 572,7 млн. теңгеге 39 жаңа ауылшаруашылық техникалары алынды.
2020 жылдың 12 айында өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 5 млрд. 451,4 млн. теңгені құрады, нақты көлемінің индексі 100,6 пайызды құрады. (2019 жылдың 12 айы – 10 млрд.316 млн. теңге).
Істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 2736 бірлікті құрады, жұмыспен қамтылғандар саны – 5352 адам. Өткен жылдың 12 айында шағын және орта бизнес субъектілерінен бюджетке 891,6 млн. теңге түсті.
Әлеуметтік сала бойынша 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында жалпы сомасы 321 млн. 361 мың теңгеге 3828 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту» бағдарламасы шеңберінде барлық үш бағыт бойынша жоспарлы көрсеткіштер орындалды. 2020 жылы ауданда 2210 жаңа жұмыс орны ашылды.
Қысқа мерзімді курстарға 115 адам 2 колледжге 14 мамандықтар мен кәсіптер бойынша дайындық курстарына жіберілді, бүгінгі күні 103 адам оқуларын бітіріп оның ішінде 102 адам тұрақты жұмысқа орналасты.
Әлеуметтік жұмыс орнына - 63 адам, жастар тәжірибесіне – 55 адам және қоғамдық жұмыс орындарына – 656 адам жіберілді.
Білім саласы бойынша ауданымызда күндізгі жалпы білім беретін 30 мектеп жұмыс істейді. Оның 19-ы орта, 6-ы негізгі, 5-і бастауыш. Мектепке дейінгі мекемелер бойынша 12 балабақша (оның ішінде: 9 мемлекеттік және 3 жекеменшік) және 20 мектепке дейінгі шағын орталық бар.
Қарабұлақ ауылындағы «Березка» бала бақшасының ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарының жобалық сметалық құжаттарын дайындауға - 12 млн. 500 мың теңге бөлініп, құжаттары жасалды.
Ішкі істер органдарында тұрғындар қауіпсіздігін сақтау бойынша 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 364 қылмыс тіркелген, өткен жылмен салыстырғанда 28 %- ға азайып отыр (2019 ж. қаңтар-желтоқсан айларында тіркелген қылмыс – 508).
Құрметті аудан тұрғындары!
Өткен жылы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арналған " Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Жолдауын жариялады.
Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында еліміздің әлеуметтік - экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне баса назар аударды. Бұл міндеттердің барлығы бүгінгі күннің ең маңызды мәселелерінің шешімі.
Біз бәріміз Жолдаудағы аталған тапсырмаларды орындауға бірігіп күш салудамыз.
Алдағы уақытта аудан көлемінде жоспарлы түрде атқарылатын істер ауқымды. Мемлекет басшысының саясатын жүзеге асыру мақсатында, мемлекеттік және аумақтық бағдарламаларды мерзімінде, әрі сапалы орындауға және де Ескелді ауданы тұрғындарының әлеуметтік-мәселелерін шешуге барлық мүмкіндіктерді толық пайдаланатын боламыз.
Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!