«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға  үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен  заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламалары:

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға  үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен  заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламалары:

          «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға арналған  тестілеу 3 бағдарламасының 7 Заң бойынша тапсырылады. 

         Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест                (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

         Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (15 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі туралы» (15 сұрақ), "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестер.

         Лауазымдар санаттары: C-R-5, E-4, E-5, E-R-4, E-R-5, E-G-3, E-G-4.

Бағдарламада барлығы – 100 сұрақ (85 минут). Өту баллы–50.       

«Б» корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: стресске орнықтылық (10 тапсырма), бастамашылдық (10 тапсырма), жауапкершілік (10 тапсырма), қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану (10 тапсырма), адалдық (10 тапсырма), өздігінен даму (10 тапсырма), жеделділік (10 тапсырма), ынтымақтастық және әрекеттестік (10 тапсырма), қызметті басқару (10 тапсырма), шешім қабылдау (10 тапсырма), көшбасшылық (10 тапсырма), стратегиялық ойлану (10 тапсырма), өзгерістерді басқару (10 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тапсырмалардан тұрады.

 Тестілеу сондай-ақ растық деңгейін анықтауға арналған сұрақтарды қамтиды.

 Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуді өту мәні растық деңгейі бойынша кем дегенде 50% құрайды.

 Тесттерді орындау үшін жалпы уақыт 100 минутты құрайды.

Дата публикации
16 февраля 2022