“Ескелді ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің 2022 жылға арналған азаматтық бюджеті

Түсініктеме хат

 

 2022 жылға бөлімге 227 681,0 мың теңге қарастырылды.
Ескелді ауданы мәслихатының 2021 жылғы 27 желтоқсанындағы №21 – 71 «Ескелді ауданының 2022 – 2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне сәйкес 2022 жылға келесі бюджеттік бағдарламалар бойынша қаражат бөлінді:
 
001 – Жергілікті деңгейде құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер ( мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің жалақылары, бюджетке толенетін міндетті төлемақылар, жанар – жағар май материалдарын сатып алу, байланыс қызметтеріне ақы төлеу, бөлімнің тағы басқа шығындары) – 27 681,0 мың теңге;
Мемлекеттік қызметшілердің штат саны-3 штат. бірлік
Азаматтық қызметшілердің штат саны-2 штат. бірлік
Қызметтік машинаның лимиті - 1 бірлік
Осы бағдарлама бойынша келесі төлемдер жүргізіледі:
 мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу, сондай-ақ салықтар мен бюджетке басқа да төлемдер;
Отын, жанар-жағармай материалдарын сатып алу;
Байланыс қызметтеріне ақы төлеу;
Ұйымдастыру техникаларын жөндеу;
Бағдарламаларға техникалық қызмет көрсету ( 1С, Documentolog);
Үйлер, әлеуметтік маңызы бар объектілер салу үшін мемлекеттік актілерді, жер жобаларын дайындау;
Техникалық паспорттарды тіркеу;
 Жер учаскелерін тіркеу ;
Кеңсе керек-жарақтарын сатып алу және өзге де қорлар;
003 – Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және салу, реконструкциялау -  200 000,0 мың теңге;
Қаражат Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылындағы 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы үшін "Нұрлы Жер" тұрғын үй – коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінді. Жобаның жалпы құны 881135,0 мың теңге. Жобаны іске асыру кезеңі 2022 – 2023 жылдар. Құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталғаннан кейін пәтерлер кезекте тұрғандар азаматтарға беріледі.

 

 

                         Бөлім басшысы                                       Г. Алпысбаев

 

 

                          Инспектор                                               А.Бекешқызы

 

 

 

 

 

 

 

“Ескелді ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің 2022 жылға арналған азаматтық бюджеті
Дата публикации
17 января 2022