Ескелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі және Ескелді аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының 2021 жылдың 31 желтоқсан айына көрсеткіштердің орындалуы туралы

   Ескелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі және Ескелді аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының

2021 жылдың 31 желтоқсан айына көрсеткіштердің орындалуы туралы

     

Құрметті жиынға қатысушылар!  Соңғы жылдары еліміздің ішкі саясатында әлеуметтік саланы жеделдете дамыту шараларына аса зор мән берілуде. Икемді әлеуметтік саясат нәтижесінде азаматтардың өмір сапасын жақсартып қана қоймай, әлемді қамтыған экономикалық дағдарыс салдарынан туындаған ауыртпалықтарды шиеленіссіз енсеруге жағдай тудырып, халықты әлеуметтік жағынан қорғауды ұйымдастыруға айта қаларлықтай нәтижелерге қол жеткізіп, Халықтың аз қорғалған топтарына қолдау көрсету үшін аса зор көлемде қаржы бөлінуде.   

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында қоғам тұрақтылығының кепілі – халықтың бақуаттылығын қамтамасыз ететін әлеуметтік саясатты ұстанып, кедейшілікке жол бермеу шараларын жүзеге асыру қажеттілігі көрсетілген.

Жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу Қазақстан Республикасы Үкіметі қызметінің негізгі әлеуметтік басымдылықтарының біріне жатады. Лайықты жұмыспен қамтамасыз ету – халықты әлеуметтік қорғаудың негізі, адам ресурстарының әлеуметін дамытудың және іске асырудың маңызды шарты, қоғам игілігін өсірудің және өмір сүру сапасын арттырудың негізгі құралы.

Еліміздегі әлеуметтік экономикалық өзгерістер барысында қарқынды дамып келе жатқан еңбек нарығы құрылды. Халықтың экономикалық белсенділігі және жұмыспен қамтылу деңгейі артты. 2017  жылы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021» жылдарға арналған бағдарламасы қабылданып, жұмыстар жалғасуда.

Ескелді ауданы халықты жұмыспен қамту орталығындағы  «Нәтижелі жұмыспен қамту және  жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған бағдарлама» іске асырылуы барысында, 2021 жылы халықты жұмыспен қамту орталығына 1 985 адам жүгініп, оның ішінде 1 137 адам жұмыссыздар санынан, 199 адам  өз-өзін жұмыспен қамтығандар санынан.  

Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша: «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бағыты  бойынша 135 адам  оқуға жіберілді. Оның ішінде 4-і оқудан шығарылып, бүгінгі күнге 131 адам оқуларын аяқтап, 121 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бағыты  бойынша 25 млн. 610 мың теңге бөлінді. Бүгінгі күнге бөлінген қаражат толығымен игерілді.

 Ескелді ауданы халықты жұмыспен қамту орталығындағы 2021 жылы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты бойынша жаңа бизнес – идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант  (200АЕК) 100 адам 58 млн. 340 мың тенге алды.  Халықты жұмыспен қамту орталығы кәсіпкерлік негіздеріне оқу аясында "Бастау-Бизнес" курстарынан оқытуға 150 адамды жіберді, оның ішінде 123 адам оқуларын аяқтап сертификаттарын алды. Шағын несие беретін мекемелеріне 57 адам жолдмаларын алды, бүгінгі күні аудан бойынша 57-адам 231 млн. тенге несие алды. Оның ішінді 40 адам 139 млн. тенге «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына» арқылы несие алды, «Аграрлык несие корпорациясы» «Кредиттік серіктестігі» арқылы 17 адам 91 млн. 800 мың тенге несие алды.

Әлеуметтік жұмыс орындарына жоспар бойынша 39 адам жіберілу керек болған болса, әлеуметтік жұмыс орнына  нысаналы топқа жататын 51 адам, ұсыныс берген 10 мекемеге жұмысқа жіберілді. Оның ішінен 49 адам  тұрақты жұмысқа орналасты. Әлеуметтік жұмыс орнына  Республикалық бюджеттен 9 млн. 071 мың теңге  бөлінген, бүгінгі күнге бөлінген қаражат толығымен  игерілді.

Жастар тәжірибесіне жоспар бойынша 44 адам, ұсыныс берген  мекемеге 43 адам жұмысқа жіберілді. Жастар тәжірибесіне  14 млн. 534 мың теңге бөлінді. Бүгінгі күнге бөлінген қаражат толығымен игерілді. Ұсыныс берген 22 мекемеге жұмысқа жіберілді. Жастар тәжірибесіне қатысушылардың  28-і  тұрақты  жұмысқа орналасты.

Қоғамдық жұмыс орнына жоспар бойынша 699 адам қоғамдық  жұмыс орнына жіберілді. Қоғамдық  жұмыс орнына Республикалық бюджеттен 374 млн. 203 мың теңге бөлінді. Бүгінгі күнге бөлінген қаражат толығымен  игерілді.  Қоғамдық жұмыс орнынан 429 адам тұрақты  жұмысқа орналасты.

 

Бас бостандығынан айыру орындарынан  босатылған  немесе  пробация қызметінің.

Пробация қызметі есебінде тұрған 22 адам  жүгініп, келесі көмек көрсетілді:

8 тұлға ақылы қоғамдық жұмысқа орналастырылған,

6 тұлға жеке шаруа қожалығына жұмысқа орналастырылды

2 тұлға квота бойынша жұмысқа жіберілді

1 тұлға қысқа мерзімді кәсіптік оқуға газбен жабдықтау мамандығына жіберілді

5 тұлға қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жазылды (2022 жылы оқытылады)

         Ауданда 2021 жылға жоспар бойынша 1 868 жұмыс орны ашылуға тиіс болған, жаңадан 2 119 жұмыс орындары ашылды, оның ішінде 1 030 тұрақты, 1 089 уақытша жұмыс орындары.

Әлеуметтік жағынан аз қамтылған аудан тұрғындарына мемлекеттік көмек көрсетуге 2021 жылы жалпы 583 млн. 249 мың теңге қаржы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөліміне  бөлінді, оның ішінде:  

001 бағдарлама Жергілікті деңгейде халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 43 млн. 309 мың тенге бөлінді, оның 34 млн. 582 мың тенгесі игерілді, қалған 8 млн. 727 мың теңге бюджетке қайтарылды.

004 бағдарлама Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға жұмсалатын шығынды өтеу үшін 28 млн. 032 мың тенге бөлінді, толықтай игеріліп 1 928 адамға 28 млн 119 мың теңге төленді.

 005 бағдарлама Атаулы әлеуметтік көмекке 278 млн. 848 мың теңге бөлініп, оның ішінде 260 млн. 468 мың тенге төленді.

2021 жылдан бастап жаңа  форматтағы  атаулы  әлеуметтік көмек 544 отбасы, оның ішінде 2 911 адамға тағайындалды, ол:

 Шартсыз АӘК – 79 отбасы, оның ішінде 333 адам.

 Шартты АӘК – 465 отбасы, оның ішінде 2 637 адам.

 Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдестірудің белсенді шараларына 120  адам қатысты, оның ішінде:

Тұрақты жұмыспен қамтылған – 80 адам

Ақылы  қоғамдық жұмысқа жіберілген -22 адам.

Әлеуметтік  жұмыс  орнына  жіберілген-1 адам

Қысқа  мерзімдік  оқу- 14 адам

Грант алған -3 адам жіберілді.

006 бағдарлама Тұрғын үй көмегіне 2 млн. 250 мың тенге бөлінді, оның 1 млн. 313 мың теңгесі 87 адамға тағайындалып төленді, қалған 807 мың теңге бюджетке қайтарылды.

007 бағдарлама Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек ретінде 37 млн. 170 мың тенге бөлініп, толықтай игерілді, оның ішіндегі төлемдер: Ұлы Отан соғысы мүгедегі мен ардагеріне (бір адамға) 1 млн. теңге әлеуметтік көмек төленді. 34 ауған соғысы ардагерлеріне 150 мың теңгеден жалпы 5 млн. 100 мың теңге, Чернобыль апатынан  зардап шеккен 8 адамға 150 мың теңгеден жалпы 1 млн. 200 мың теңге көлемінде жәрдемақы төленді. 316 тыл еңбек ардагерлеріне 30 мың теңгеден, жалпы 9 млн. 480 мың тенге,  қайтыс болған ҰОС ардагерлерінің жұбайларына, қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған 231 адамдарға 30 мың теңгеден 6 млн. 930 мың теңге төленді. Тәжік-Ауған учаскесінде тапсырмаларды орындаған 10 әскери қызметшілерге 150 мың тенгеден 1 млн. 500 мың тенге, Таулы Қарабақтағы этикалық жанжалды реттеуге қатысқан 2 адамға 150 мың тенгеден 300 мың тенге төленді, Семей ядролық сынақтан зардап шеккен 7 азаматқа 200 мың теңгеден, жалпы 1 млн. 400 мың тенге көмек төленді.

010 бағдарлама Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оңалту бағдарламасы бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу үшін 44 балаға 1 млн. 657 мың  теңге төленді, қалған 1 млн. 071 мың теңге бюджетке қайтарылды.

011 бағдарлама Жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеуге 3 млн. 295 мың тенге бөлініп, толықтай игерілді.

014 бағдарлама мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсетуге 78 млн. 249 мың тенге бөлініп, оның 67 млн. 351 мың тенгесі игерілді, қалған 10 млн. 898 мың тенге бюджетке қайтарылды.

017 бағдарлама мұқтаж мүгедектерді протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық және тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз етуге 100 млн. 624 мың тенге бөлініп, оның 87 930 мың тенгесі игерілді, 10 млн. тенге бюджетке қайтарылды, қалған 2 млн.тенге игерілуде.

Бұл бағдарлама бойынша 28 адамға тифло-сурдотехникалық құрал берілді. Санаторлық - курортқа  109 адам жіберілді. 123 адам гигиеналық құралмен қамтамасыз етілді. 105 адамға  протездік-ортопедиялық құралдар берілді. 31 адамға кресло-арба берілді. Туберкулез індетімен ауыратын 60 адамға 4 млн. 506 мың теңге әлеуметтік көмек төленді. Облыс әкімі грантымен  жоғарғы оқу орындары мен арнайы орта оқу орындарында білім алып жатқан 14 студентке 6 млн. 90 мың теңге көлемінде қаржы жұмсалды. I топ мүгедектерінің 89 жеке көмекшісіне 31 млн. теңге еңбекақылары төленді. Ымдау тілі мамандарына 2 млн 650 мың теңге төленді.

050 бағдарлама Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту бойынша 8 млн. 441 мың тенге бөлініп, толықтай игерілді. Инватакси арнаулы автокөлігі бойынша жүріп тұруы қиын 60 адамға, 6 084 өтінім бойынша қызмет көрсетіп, 8 млн.439 мың теңге қаражат төленді.

 

Сонымен қатар, бөлім есебінде тұрған  59 мүмкіндігі шектеулі балаға және 70 жалғызбасты қарттарға әлеуметтік қызметтер  көрсетілуде.

 

 

           Бөлім басшысы                                                          А. Бейсбаев

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі және Ескелді аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының 2021 жылдың 31 желтоқсан айына көрсеткіштердің орындалуы туралы
Дата публикации
10 января 2022