Ескелді ауданы әкімі аппаратының 2021 жылдың қараша- желтоқсан айларына атқарған жұмыстары туралы
2021 жылғы 1 шілдеден бастап Ескелді ауданының жергілікті атқарушы органдары жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» бойынша жүргізеді.
Сондай-ақ, өтініштерді есепке алу «Е-өтініш» жүйесі арқылы «Documentolog» бағдарламасына қайталай отырып жүргізіледі.
2021 жылы жеке және заңды тұлғалардан 1533 өтініш (оның ішінде қайталама 40), жеке тұлғалардан - 1378, заңды тұлғалардан - 155, оның ішінде ұжымдық - 62 өтініш келіп түсті. 287 - тұрғын үй беру және ТКШ саласы бойынша, 179 – әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері, 37 - АХАЖ, 602 – жер беру және жер пайдалану, кәсіпкерліктің жалпы мәселелері – 17, ауыл шаруашылығы – 21, құрылыс мәселелері – 26, ветеринария – 6, интернет - 6, және басқалар-352. Ағымдағы жылдың 11 айында 1533 өтініш тіркелді, жоғары тұрған органдардан – 158, ауыл тұрғындарынан және мемлекеттік емес ұйымдардан-1375.
Басым бөлігі - әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша (179) немесе жалпы түскен өтініштердің 11%, жер беру және жер пайдалану (602) немесе 39%, тұрғын үй беру және ТКШ саласы (287) немесе 18% құрайды.
Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша келесідей шешімдер қабылданды:
қанағаттандырылды-525,
түсініктеме берілді-1008,
бас тартылды -1,
тоқтатылды-0;
Ескелді ауданы әкімінің апта сайынғы өткізілетін аппарат кеңесінің отырысында бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне қатаң бақылауға алу бойынша хаттамалық тапсырма беріледі.
Келіп түскен барлық өтініштер қаралады, және әрқайсысы бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауаптар мен түсініктемелер беріледі.
Ескелді ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2021 жылғы 12 айда өткізілген аудандық спорттық
іс-шаралар тізімі
- 2021 жылғы 20 наурыз күні ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылының Дене шынықтыру сауықтыру кешенінде ауылдық округ ерлер арасында аудандық волейбол жарысы өткізілді. (1-орын Алдабергенова а/о, 2-орын Бақтыбай а/о, 3- орын Жалғызағаш а/о иеленді).
- 2021 жылы 22 наурыз күні ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған және Наурыз мейрамының қарсаңында Дуатлон спорт түрінен ауданымыздың ардагері Бектенов Бакытжан Байтаевич 22км қашықтыққа жүгірді.
- 2021 жылғы 23 наурыз күні ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған және Наурыз мейрамының қарсаңында Ұлттық ойын спорт түрлерінен Сырымбет ауылдық округінде, ауылдық округтер арасында асық ату, тоғызқұмалақ жарысы өткізілді. (Асық ату ойынынан 1-орын Дәулетхан Ағжол Сырымбет а/о, 2-орын Бейсенәлі Есхат Төлеңгіт а/о, 3-орын Нұрғали Дархан Төлеңгіт а/о, Тоғызқұмалақ ойынынан 1-орын Әділжан Таңнұр Төлеңгіт а/о, 2-орын Әбидолда Сержан Сырымбет а/о, 3-орын Мұхат Әлімжан Сырымбет а/о спортшылары иеленді).
- 2021 жылғы 15 сәуір күні Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылының Балалар мен жасөспірімдер мектебінде ауылдық округ ерлер арасында аудандық «Ескелді бөрісі» атты қазақ күресінен жарысы өткізілді.
(1-орын Көкжазық а/о палуаны, 2-орын Сырымбет а/о палуаны, 3- орын Төлеңгіт а/о палуаны иеленді).
- 2021 жылдың 28-29 сәуір күндері аралығында Қарасай ауданы Үшқоңыр ауылы «Үшқоңыр» спорт кешенінде Алматы облыстық «Жетісу бөрісі» іріктеу турниріне дайындық жұмыстары жүргізілді.
- 2021 жылдың 28-29 сәуір күндері аралығында Қарасай ауданы Үшқоңыр ауылы «Үшқоңыр» спорт кешенінде Алматы облыстық «Жетісу бөрісі» іріктеу турниріне Ескелді ауданының атынан 85+ салмақта Дюсембаев Жаныбек Тойшыбекович іс-сапарға жолданды.
- 2021 жылдың 04-08 мамыр күндері аралығында Талдықорған қаласында өтетін жасөспірімдер арасындағы облыстық футбол чемпионатына қатысу үшін, Ескелді ауданының футбол командасы іс-сапарға жолданды.
- 2021 жылғы 8-9 мамыр күндері аралығындаЕкпінді ауылы «Тау Жетісу» туризм орталығында Жеңіс күніне арналған парапланерлік қону дәлдігі спорты бойынша Орталық Азия ашық кубогы өткізілді.
- 2021 жылғы 8-9 мамыр күндері аралығында Екпінді ауылы «Тау Жетісу» туризм орталығында Жеңіс күніне арналған парапланерлік қону дәлдігі спорты бойынша Орталық Азия ашық кубогы өткізілді.
- 2021 жылдың 10-13 мамыр күндері аралығында Қостанай қаласында «Асық ату» Республикалық жарысы 2008-2010 жылы туып өскен жасөспірімдер арасында өткізілді. Жарысқа Ескелді аудан командасы іс-сапарға жолданды.
- 2021 жылдың 01-04 маусым күндері аралығында Талдықорған қаласында өткізілетін облыстық «Әке, шеше және мен» атты спорттық жарысына дайындық жұмыстары жүргізілді.
- 2021 жылдың 04 маусым күні Талдықорған қаласында өткізілетін мемлекеттік қызметкерлер арасындағы облыстық «Әке, шеше және мен» атты спорттық жарысына дайындық жұмыстары жүргізілді.
- 2021 жылдың 07-11 маусым күндері аралығында Алматы облысының мемлкеттік қызметкерлер арасындағы Жазғы Спартакиадасына дайындық жұмыстары жүргізілді.
- 2021 жылдың 01-04 маусым күндері аралығында Талдықорған қаласында облыстық «Әкем, анам және мен-спорттық отбасымыз» атты спорттық жанұя жарысына аудан атынан Мадибаев әулеті Ескелді аудан атынан қатысып 15 команда ішінен 4 орынға ие болды.
- 2021 жылдың 03 маусым күні Қарабұлақ ауылында Ескелді ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі Қарабұлақ ауылының Дене шынықтыру сауықтыру кешенімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді.
- 2021 жылдың 04 маусым күні Ескелді ауданының Төлеңгіт ауылдық округіне қарасты Жетісу ауылында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арнап Жетісу-Сырымбет командалары арасында шағын футболдан жолдастық кездесу өткізілді. Іс-шара аудан әкімі Р.Алидің құттықтау сөзімен басталды. Жолдастық кездесу нәтиежесі Жетісу командасының жеңісімен аяқталды.
- 2021 жылдың 1 маусым күні Жетісу ауылының әкімі А.Шаихов және Ескелді ауданының сәулет және қалақұрылыс бөлімінің басшысы Ғ.Алпысбаев "Алматы облысы ММА аралас жекпе-жек федерациясы" қоғамдық бірлестігінің басшысы Аманқұлов Нұрлан Айсаұлының Екпінді ауылында салынатын спорттық кешені туралы ұсынысына сәйкес жиын өтті.
- 2021 жылдың маусым айының 09 күнінен бастап әр сәрсенбі, жұма күндері Қарабұлақ ауылының Шестаков ОМ-нің стадионында Ескелді ауданының ауыл округтары және мекемелер арасында аудандық ерлер арсында үлкен футбол чемпионаты Бақтыбай а/о- Қарабұлақ жастары, Қайнарлы а/о- Алдаберген а/о командаларының ойындарымен басталды.
- 2021 жылдың маусым айының 11 күні Қарабұлақ ауылының Шестаков ОМ-нің стадионында Ескелді ауданының ауыл округтары және мекемелер арасында аудандық ерлер арсында үлкен футбол чемпионаты Төлеңгіт а /о – Көкжазық а/о, Сырымбет а /о –15603 Әскери бөлімі командаларының ойындарымен жалғасады.
- 2021 жылдың 10-12 маусым күндері аралығында Талдықорған қаласы «Жастар» спорт сарайында мемлекеттік қызметкерлер арасында ХІІІ жазғы спартакиадасына Ескелді ауданының мемлекеттік қызметкерлері қатысты.
- 2021 жылдың маусым айының 16 күні Қарабұлақ ауылының Шестаков ОМ-нің стадионында Ескелді ауданының ауыл округтары және мекемелер арасында аудандық ерлер арсында үлкен футбол чемпионаты Жалғызағаш – М.Байысов, Ешкіөлмес-Қоңыр командаларының ойындарымен жалғасты.
- 2021 жылдың 15-19 маусым күндері аралығында Қапшағай қаласында 2004, 2005, 2006, 2007, 2008 ж.т қыздар арасындағы баскетбол жарысына аудан құрама командасы жіберілді.
- 2021 жылдың 15-18 маусым күндері аралығында Сарқан қаласында Республикалық еркін күрес жарысынан ауданымыздың спортшылары Аблгазы Думан 92 кг салмақта, Садуакас Ануар 48 кг салмақта ІІ орынға ие болды.
- 2021 жылдың маусым айының 18 күні Қарабұлақ ауылының Шестаков ОМ-нің стадионында Ескелді ауданының ауыл округтары және мекемелер арасында аудандық ерлер арсында үлкен футбол чемпионаты Бақтыбай- Ішкі істер, Қарабұлақ жастары- Қайнарлы командаларының ойындарымен жалғасты.
- 2021 жылдың 15-19 маусым күндері аралығында Қапшағай қаласында 2004, 2005, 2006, 2007, 2008 ж.т қыздар арасында Алматы облысының баскетболдан чемпионаты өткізілді. Ескелді ауданымыздың спортшылары: Коккозова Рабия, Степаненко Екатерина, Пашина Дарья, Алдабекова Анель, Еремеева Екатерина, Мезенцева Станислава, Акпар Аяжан, Асхаткызы Альмира чемпионатқа қатысып жүлделі І-орынды иеленіп келді.
- 2021 жылдың маусым айының 23 күні Қарабұлақ ауылының Шестаков ОМ-нің стадионында Ескелді ауданының ауыл округтары және мекемелер арасында аудандық ерлер арсында үлкен футбол чемпионаты Сырымбет а/о – Ешкіөлмес, Қарабұлақ жастары-15603 Әскери бөлімі командаларының ойындары өткізілді.
- 2021 жылдың 23 маусым күні Ескелді ауданының орталық стадионында «Олимпиада күні» мерекесіне арналған жеңіл атлетикадан жүгіру марафоны өткізілді. 100 метрлік қашықтыққа жүгіруден І-орынды Сырымбет ауылдық округінің спортшысы Башархан Қайсар, ІІ-орынды БЖСМ-нің спортшысы Алтынбеков Аман., ІІІ-орынды Төлеңгіт ауылдық округінің спортшысы Құрақбай Думан иеленді. Эстафетадан орынға ие болған Төлеңгіт ауылдық округінің спортшылары Нукен Ернұр және Құрақбай Думан.
- 2021 жылдың маусым айының 25 күні Қарабұлақ ауылының Шестаков ОМ-нің стадионында Ескелді ауданының ауыл округтары және мекемелер арасында аудандық ерлер арсында үлкен футбол чемпионаты Алдаберген а/о –Төлеңгіт а/о, Жалғызағаш а/о - Бақтыбай а/о командаларының ойындарымен жалғасты.
- 2021 жылдың шілде айының 2 күні Қарабұлақ ауылының Шестаков ОМ-нің стадионында Ескелді ауданының ауыл округтары және мекемелер арасында аудандық ерлер арсында үлкен футбол чемпионаты Қайнарлы – Сырымбет , 15603 Әскери бөлімі– Төлеңгіт командаларының ойындарымен өтті.
- 2021 жылдың шілде айының 3 күні Ескелді ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастырумен, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және «Астана күні» мерекесіне арналған «Қайырымдылық эстафетасы» атты жарысы өткізілді.
- 2021 жылдың шілде айының 3 күні Қарабұлақ ауылының Шестаков ОМ-нің спорт залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және «Астана күні» мерекесіне арналған ұжымдар арасында футбол жарысы өткізілді.
- 2021 жылдың шілде айының 2 күні Қарабұлақ ауылының Шестаков ОМ-нің стадионында Ескелді ауданының ауыл округтары және мекемелер арасында аудандық ерлер арсында үлкен футбол чемпионаты Ішкі істер бөлімі – Алдаберген, Қоңыр – Қарабұлақ жастары командаларының ойындарымен өткізілді.
- 2021 жылдың шілде айының 2 күні Қарабұлақ ауылының Шестаков ОМ-нің стадионында Ескелді ауданының ауыл округтары және мекемелер арасында аудандық ерлер арсында үлкен футбол чемпионаты Жалғызағаш– Көкжазық 15603 Әскери бөлімі - Ешкіөлмес ауылы командаларының ойындарымен жалғасты.
- 2021 жылдың 6-8 шілде күндері Талдықорған қаласында өтетін тірек- қимыл аппараты зақымдалған және көру қабілеті төмен спортшылар арасында Алматы облысының VI Спартакиадасына Ескелді ауданынң командасы іс-сапарға жіберілді.
- 2021 жылдың 8-11 шілде күндері аралығында Алакөл ауданы Ақши ауылында «Астана күні» мерекесіне арналған ерлер арасындағы облыстық спартакиадасының Ескелді ауданының құрама командалары (волейбол, шағын футбол, теннис, жеңіл атлетика) іс-сапарға жіберілді.
- 2021 жылдың шілде айының 9 күні Қарабұлақ ауылының Шестаков ОМ-нің стадионында Ескелді ауданының ауыл округтары және мекемелер арасында аудандық ерлер арсында үлкен футбол чемпионаты Ішкі істер бөлімі – Алдаберген а/о, Қоңыр а/о – Қарабұлақ жастары командаларының ойындарымен өтті.
- 2021 жылдың 6-8 шілде күндері Талдықорған қаласында өтетін тірек- қимыл аппараты зақымдалған және көру қабілеті төмен спортшылар арасында Алматы облысының VI Спартакиадасына Ескелді ауданынң командасы іс-сапарға жіберілді.
- 2021 жылдың шілде айының 14 күні Қарабұлақ ауылының Шестаков ОМ-нің стадионында Ескелді ауданының ауыл округтары және мекемелер арасында аудандық ерлер арсында үлкен футбол чемпионаты Жалғызағаш– Көкжазық 15603 Әскери бөлімі - Ешкіөлмес ауылы командаларының ойындарымен жалғасты.
- 2021 жылдың шілде айының 16 күні Қарабұлақ ауылының Шестаков ОМ-нің стадионында Ескелді ауданының ауыл округтары және мекемелер арасында аудандық ерлер арсында үлкен футбол чемпионаты Жалғызағаш а/о – Көкжазық а/о, 15603 Әскери бөлімі – Ешкіөлмес ауылы командаларының ойындарымен өтті.
- 2021 жылдың 16-18 шілде күндері Қарасай ауданының Қаскелен қаласында өтетін тірек- қимыл аппараты зақымдалған және көру қабілеті төмен спортшылар арасында Алматы облысының VI Спартакиадасына Ескелді ауданынң командасы іс-сапарға жіберілді.
- 2021 жылдың шілде айының 19 күні Қарабұлақ ауылының Шестаков ОМ-нің стадионында Ескелді ауданының ауыл округтары және мекемелер арасында аудандық ерлер арсында үлкен футбол чемпионаты Алдаберген а/о - Ешкіөлмес ауылы, Жалғызағаш а/о - 15603 Әскери бөлімі командаларының ойындарымен жалғасты.
- 2021 жылдың 22-25 шілде аралығында Алматы облысының Ережесіне сәйкес, «Ақ бидай-2021» ауыл спорт ойындарына дайындық жүргізілді.
- 2021 жылдың шілде айының 21 күні Қарабұлақ ауылының Шестаков ОМ-нің стадионында Ескелді ауданының ауыл округтары және мекемелер арасында аудандық ерлер арсында үлкен футбол чемпионаты Ішкі істер бөлімі – Төлеңгіт, Қоңыр– Бақтыбай командаларының ойындарымен өтті.
- 2021 жылдың 5 тамыз күні Текелі қаласында Ескелді ауданымен Текелі қаласының командалары арасында шағын футболдан қарсы жолдастық кездесуі өткізілді.
- 2021 жылдың 10-15 тамыз күндері аралығында Талдықорған қаласында Алматы облысының футболдан ересектер арасындағы чемпионат өткізілді.
- 2021 жылғы 13-17 қыркүйек күндері аралығында Есік қаласында 2004-2005 ж.т. жасөспірім қыздар мен ұлдар арасында баскетбол жарысы өткізілді.
- Ескелді ауданының Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне жылыту маусымына 150 тонна тас көмір алынды. Жауапты қызметкерлер тағайындалды.Мектеп ғимараты жылыту маусымына толықтай дайын.
- 2021 жылғы 13-17 қыркүйек күндері аралығында Есік қаласында 2004-2005 ж.т. жасөспірім қыздар мен ұлдар арасында баскетбол жарысы өткізілді. Аудандық команда ІІІ-орынды иеленді.
- 2021 жылдың 16 қыркүйек күні Көкжазық ауылдық округінде 2021-2022 жылдардағы жылыту маусымының дайындық жұмыстарының қалай жүріп жатқандығы тексерілді. Тексеріс барысында ауылдық округ әкімшілігі, Балпық би мектебі, Қызғалдақ бала-бақшасы, Казпочта, аурухана, Бөктерлі және Теңлік ауылдық дәрігерлік амбулаторияларының жылыту маусымының дайындық жұмыстары тексерілді, барлық мекемелер жылыту маусымына дайын.
- 2021 жылдың 17-20 қыркүйек күндері аралығында Талдықорған қаласында өтетін Алматы облысының балалар, ересектер және ардагерлер арасында үстел теннисі жарысы өткізілді.
- 2021 жылдың 17-20 қыркүйек күндері аралығында Талдықорған қаласында өтетін Алматы облысының балалар, ересектер және ардагерлер арасында үстел теннисі жарысы өткізілді.
- 2021 жылдың 22-26 қыркүйек күндері аралығында Ұзынағаш қаласында әйелдер арасында волейбол жарысы өткізілді.
- 2021 жылдың 23 қыркүйек күні Қарабұлақ ауылының Дене шынықтыру сауықтыру кешенінде Ескелді ауданының әкімі спорт сүйер қауыммен және спортшылармен кездесу өткізді.
- 2021 жылғы 21-26 қыркүйек күндері аралығында А.Кивилевті еске алуға арналған XVII республикалық көпкүндік веложарысы 2005-2006, 2007-2008 ж. т. ұлдар мен қыздар арасында өтеді. Ескелді ауданының аумағында жарыстың 2 кезеңі өтеді. 21 қыркүйекте Қарабұлақ-Текелі тас жолында жарыстың 1 кезеңі (15 км қашықтықта) және 2 кезеңі 23 қыркүйекте, 3 кезең Қарабұлақ – Абай – Көксу – Абай тас жолында өтеді. (Қашықтығы 80 км)
- 2021 жылдың 28 қыркүйек күнінен 02 қазан күндері аралығында Текелі қаласында ерлер арасында волейбол жарысы өткізіледі.
- 2021 жылдың 22-26 қыркүйек күндері аралығында Ұзынағаш қаласында әйелдер арасында волейбол жарысы өткізілді.Аудан командасы 3 орынға ие болды.
- 2021 жылдың 28 қыркүйек күнінен 02 қазан күндері аралығында Текелі қаласында ерлер арасында волейбол жарысы өткізілді.
- 2021 жылдың 2-3 қазан күндері аралығында Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп гимназиясында мектеп оқушылары арасында футбол жарысы өткізілді.
- 2021 жылдың 4 қазан күні өткізілетін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, мүмкіндігі шектеулі жандардың күніне орай спорттық іс-шараларға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.
- 2021 жылдың 15 қазан күні Ш.Уалиханов АОМГ-ның спорт залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және "Жастар және балалармен жасөспірімдер арасында футболды дамыту" атты Ескелді ауданының шағын футболдан мектеп жарысы өткізілді.
- 2021 жылдың 16 қазан күні Аудандық дене шынықтыру сауықтыру кешенінде мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг өткізілді.
- 2021 жылдың 17 қазан күні сағат 13.00-де Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылдық округі, Аудандық әкімшілігінің орталық алаңында 4Е «Eskeldi erlik pen enbektin eli» атты фестивалі өткізіледі. (Шахмат, стритбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, армрестлинг, арқан тарту, гирь, асық ату)
- Балалар мен жасөспірімдер спорт секцияларының мемлекеттік спорт тапсырысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы:
Баскетбол федерациясы порталға тіркеліп, қазіргі уақытта құжаттар дайындалуда.
ЖК «Орынбасаров Д.» Жалғызағаш ауылында баскетбол және волейбол секцияларын ашуды жоспарлап отыр, қазіргі уақытта оларда ашуға құжаттар жинап жатыр.
«Жетісу» мейрамханасында өнер, білім және спорт мектебін 11 секция бойынша ашу жоспарлануда (бокс, еркін күрес, дзюдо, каратэ, таэквондо, қазақша күрес, үстел теннисі, шахмат, футбол, волейбол, баскетбол), осы үйым порталға тіркелініп, қазіргі уақытта құжаттар дайындалуда.
- 2021 жылдың 23, 24, 31 қазан күндері Қарабұлақ ауылының Шестаков АОМ-нің спорт залында жасөспірімдер арасында баскетболдан «Әкім Кубогі» атты жарысы өткізілді.
- 2021 жылдың 30 қазан күні сағат 10.00-де Аудандық дене шынықтыру сауықтыру кешенінде Шахматтан "KARABULAK OPEN 2021" офлайн турнирі өткізілді.
- 2021 жылдың 30 қазан күні сағат 09:00-де Қарабұлақ ауылының Мелькомбинат НОМ-нің стадионында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 2009-2010 ж.т. жасөспірімдер арасында футбол жарысы өткізілді.
- 2021 жылдың 15 қазан күнінен бастап әр сенбі, жексенбі күндері Ш.Уалиханов АОМГ-ның спорт залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және "Жастар және балалармен жасөспірімдер арасында футболды дамыту" атты Ескелді ауданының шағын футболдан мектеп жарысы өткізілді.
- 2021 жылдың 16 қазан күні Аудандық дене шынықтыру сауықтыру кешенінде мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг өткізілді.
- 2021 жылдың 17 қазан күні сағат 13.00-де Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылдық округі, Аудандық әкімшілігінің орталық алаңында 4Е «Eskeldi erlik pen enbektin eli» атты фестивалі өткізілді. (Шахмат, стритбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, армрестлинг, арқан тарту, гирь, асық ату)
- 2021 жылдың 23, 24, 31 қазан күндері Қарабұлақ ауылының Шестаков АОМ-нің спорт залында жасөспірімдер арасында баскетболдан «Әкім Кубогі» атты жарысы өткізілді.
- 2021 жылдың 30 қазан күні сағат 10.00-де Аудандық дене шынықтыру сауықтыру кешенінде Шахматтан "KARABULAK OPEN 2021" офлайн турнирі өткізілді.
- 2021 жылдың 30 қазан күні сағат 09:00-де Қарабұлақ ауылының Мелькомбинат НОМ-нің стадионында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 2009-2010 ж.т. жасөспірімдер арасында футбол жарысы өткізілді.
- 2021 жылдың 19 қараша күні Сайын Мұратбековтың туғанына 85 жылдығына арнап волейболдан аудандық ашық турнирі өткізілді.
- 2021 жылдың 19 қараша күні Сайын Мұратбековтың туғанына 85 жылдығына арнап волейболдан аудандық ашық турнирі өткізілді.
- 2021 жылдың 25-29 қараша күндері аралығында «Саят» ұлттық спорт түрлерінен «Сонар-2021» республикалық жарысы өткізілді.
- 2021 жылғы жоспарына қатысты, а.ж. жылдың 27-28 қараша күндері аралығы (27 қараша күні Жетісу мектебінің стадионы сағат 10.00-де, Қаблиса Жырау АОМ-нің стадионы сағат 12.00-де, Байысов АОМ-нің стадионы сағат 15.00-де, 28 қараша күні Ақын Сара АОМ-нің стадионы сағат 11.00-де, Шоқан Уалиханов АОМГ-ның стадионы сағат 15.00-де,) мектеп оқушылары арасында футбол жарысы өткізілді.