Ескелді аудандық мәслихатының 2020 жылғы 7 қазандағы № 72-403 «Ескелді ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жоба

          «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының         4-тармағына сәйкес Ескелді аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Ескелді аудандық мәслихатының «Ескелді ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы» 2020 жылғы 7 қазандағы № 72-403 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5714 болыптіркелген)  шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін.

көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

«Ескелді ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандарына жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы»;

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Ескелді ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандарына, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленсін.».

  1. Осы шешім мемлекеттік алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
08 сентября 2021