Ескелді ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

Жоба

 

 

 

 

Ескелді ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

 

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18-бабының                                      2-тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес Ескелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Ескелді ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау әлеуметтік салаға жетекшілік ететін Ескелді ауданының әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Ескелді ауданының әкімі                                 Р. Али

 

 

КЕЛІСІЛДІ:

Ескелді аудандық

мәслихатының хатшысы                                      Қ. Сатанов

2021 жылғы «___» ____________

 

 

 

 

Ескелді ауданы әкімдігінің 2021 жылғы «___» _________ № _________ қаулысына қосымша

Ескелді ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

 

  1. Әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы мамандардың лауазымдары:

Аудандық (облыстық маңызы қала) маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі, әлеуметтік жұмыс бойынша кеңесші, арнайы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті анықтау және бағалау бойынша әлеуметтік қызметкер, қарттар мен мүгедектерді күту бойынша әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық ауытқулары бар бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларды, тірек-қимыл аппараты бұзылған бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларды, психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектерді күту бойынша әлеуметтік қызметкер, жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы, жұмыспен қамту орталығының ассистенті, жұмыспен қамту орталығының кеңесшісі.

  1. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:

Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның әдістемелік кабинетінің меңгерушісі (басшысы), аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын кітапханасының меңгерушісі (басшысы), аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік-қойылым бөлімінің меңгерушісі (басшысы), барлық атаулардың ( негізгі қызметтердің) әдіскерлері, библиограф, кітапханашы, редактор, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік басшысы, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер), музыкалық жетекші, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызмет), хореограф, кинорежиссер, аккомпаниатор, хормейстер, барлық атаудағы әртіс.




 

Дата публикации
08 сентября 2021