Ескелді ауданы әкімдігінің жанындағы кәмілетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның 2021 жылғы шілде айында атқарған жұмысы туралы
Ескелді ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия 2021 жылғы маусымда комиссия мүшелерінің қатысуымен «ZOOM» байланысы арқылы 3 отырыс өткізді. Жоспарға сәйкес 4 мәселе қаралды:
- Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу шарасы ретінде 14 пен 18 жастағы кәмелеттік жасқа толмаған «ерекше қадағалау тобындағыларды» бос уақытында жұмыспен қамту. Баланың еңбек бостандығына құқығының сақталуы
- Полиция басқармасында есепте тұрған кәмелетке толмағандар мен құқығы бұзылған кәмелетке толмағандардың оқудан тыс уақыттарын жүйелі түрде, арнайы мекемелерде өтізілуін қадағалауды қамтамасыз ету
- Ескелді ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тұрғын үй бөлу жұмыстары туралы
- Кәмелетке толмағандар арасындағы нашақорлықтың, маскүнемдіктің алдын алу жөніндегі жұмыс туралы.
9 материал қаралып, олар бойынша келесі шешімдер қабылданды:
- «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 127 - бабы бойынша анасына қатысты ата-ана міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жаза қолдану -1
- кәмелетке толмаған баланы мектепішілік есепке қою-3
- «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» ҚР Заңының ата-ана міндеттері туралы 24-бабының талаптарын орындау -1
- кәмелетке толмаған баланың, сондай-ақ заңды өкілдердің қатыспауына байланысты материалды келесі отырыста қарау -3
- жеке басты куәландыратын құжаттарды ресімдеуді қарастыру-1