2021 жылдың 1 тоқсанына Ескелді ауданының мемлекеттік қызмет көрсету органдарымен көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есеп

Ескелді ауданының мемлекеттік қызмет көрсетуші органдарымен
2021 жылдың І тоқсандығына 2040 (2040 жеке тұлға, 72 заңды тұлға) мемлекеттік қызмет көрсетілді.

І тоқсан қорытындысы бойынша талдау негізінде көрсетілген қызметтердің басым бөлігі :

I тоқсандықта көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі - азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімімен көрсетілетін «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» - 13.26% (387 жеке тұлғаға), жұмыспен қамту орталығымен көрсетілген «Мемлекеттік атаулы көмек тағайындау» қызметіне – 23.15% (1653 жеке тұлғаға), «Сурдо – тифлотехникалық және міндетті гигеналық құралдармен қамтамасыз ету» қызметін – 4,15% (36,жеке тұлғаға) құраған;

Көрсетілген қызметті берушілермен 0,15% қызмет қағаз нысанда, 1,07% – баламалы негізде қағаз нысанда және 89,61% – қызмет берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде, 10,16% – қызмет ХҚКО көрсетілген. Жыл басынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге шағым, арыз түскен жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша ауылдық округ мамандарымен жыл басынан 18 түсіндірме іс-шаралары ұйымдастырылып, аудандық «Жетісу шұғыласы» газетіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты 35 мақала жарияланды.

Дата публикации
31 августа 2021