Ескелді ауданының әкімдігі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды

Ескелді ауданының әкімдігі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды

 Мекен-жайы: Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы, Оразбеков көшесі № 67, Индекс 040500, телефон/факс:  8(72836) 3-03-27, Эл. мекен-жай: eskeldy-kadry@mail.ru, Электрондық пошта: www.eskeldy.zhetysu.gov.kz, БИН 990640002587

         E-G-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

         жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

         мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

         жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

  Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

  Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

  Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар, оның ішінде ғылыми салада жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатысады.

  Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурстық комиссияның шешіміне уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шағымдана алады. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

  Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

  1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

  2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

  Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

  Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беріліуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

  Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.          Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

  Құжаттарды қабылдау мерзімі: 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі                                                                           

  Ішкі конкурсқа конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

  Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

  Әңгімелесу өтетін орны: Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы, Оразбеков көшесі №67.

 

         «Жалғызағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, бас маман, Е-G-3 санаты, № 22-01-01, 1-бірлік тұрақты

  Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

 

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

Е-G-3

90963

122463

 

         Білімі, жұмыс тәжірибесі, талаптар:   Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейнгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім.

           Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының  Президентінің Жарлықтарын, Қаулыларын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулыларын, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдері, нормативтік-құқықтық актілердің, аудан және ауылдық округ әкімінің шешімдері  мен  өкімдерін  бақылауға алып оның орындалуын  және заңдылығын  қамтамасыз етеді; Іс номенклатурасын дайындап, облыс архивімен келісіп бекітуге тапсырады; Іс қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізуге жауапты; Аппарат қызметкерлерін: ережені, жұмыс регламентін сақтауын қамтамасыз етеді; Ауыл әкімшілігінің іс-қағаздарын жүргізеді. Аудан әкімшілігі тарапынан бақылауда тұрған құжаттар қағаздардың орындалуын  қадағалайды; Кіріс және шығыс құжаттарды мерзімінде есепке алу мен тиісті журналдарға тіркеуді қамтамасыз етеді; Ауыл шаруашылық кітабін анықтау және үнемі тексеру, жұмысын ұйымдастырады және үнемі бақылауда ұстайды; Алфавиттік кітап жүргізеді;  Отбасы төмен жанұяларымен жұмыстар жүргізіліп, әлеуметтік көмек және он сегіз жасқа дейін балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы беру құжат қағаздарына жауапты; 18 жасқа дейінгі жәрдемақы, атаулы  әлуметтік көмек, тұрғын үй  көмегін     тағайындауға құжаттарды жинап аудандық әлеуметтік жұмыспен қамту бөліміне тапсырады; Аудандық жұмыспен қамту бөлімі арқылы ауыл тұрғындарын жұмысқа тарту, оқуға   жіберу шараларын орындау; Қоғамдық жұмысшылардың құжаттарын жинап, есеп беріп, табель жүргізеді; Округ бойынша І-ІІ-ІІІ топ мүгедектерімен жұмыс жүргізеді, тізмін жасайды, қажетті ақпараттарды жинақтайды; Шаруа қожалықтарының жерді Заң жүзінде пайдалануын қадағалайды, «Жер туралы» Заңды бұзған шаруа қожалықтарына шара қолдануға ұсыныс жасайды; 4-СХ, 29-Сх бойынша  есептерді тиісті  мекемелерге  тапсырады; Жанар-жағармай, тыңайтқыш, тұқымдарға сұраныс  туралы  мәлімет  береді; Шаруашылық  жәрмеңкеге  шаруа  қожалықтарының қатысуын ұйымдастырады; Субсидия  алу  туралы мәліметтерді толығымен  шаруа  қожалықтарға жеткізу  және  шаруа қожалықтарының жиналысының  өтуіне   шақыруды ұйымдастыру; Статистика бөлімімен жұмыс жүргізеді; Шаруа қожалықтарын суармалы сумен қамтамасыз ету барысында аудандық жүйесімен бірлесе отырып шешуді ұйымдастырады; Округ бойынша  шаруа қожалықтарының мал бастарын есепке алу, есебін беру жұмыстарын жүргізеді;    Кәсіподақ комитетінің ұжымдық келісім-шарт  заңына сүйене отырып, ауыл әкімшілігі қызметкерлерінің жұмысын жүргізеді; Елді мекендерді санитарлық  тазарту, көркейту, көгалдандыру айлығын өткізу жұмыстарын үйымдастырып  ақпараттарды жинақтау папкасын дайындайды; Тұрғын үй коммуналдық  шаруашылығы бөлімінен келіп түскен құжаттардың жауаптарын дайындау;  Лауазымдық нұсқаулықтарға және ауылдық округ әкімінің тапсыруы бойынша басқа да жұмыстарды атқарады; Мемлекеттік тілді білуі, компьютерде жұмыс жасай білу.

 

 

 

 

 

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы

 

Нысан

 

 ____________________________________

 

(мемлекеттік орган)

Өтініш

         Мені ________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

         "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

         Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

         Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын

         транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________

                                                      (иә/жоқ)

         Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

         Қоса берілген құжаттар:

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      Мекен жайы: ___________________________________________________

      Байланыс телефоны: _____________________________________________

      e-maіl: _________________________________________________________

      ЖСН: _________________________________________________________

      _________ __________________________

      (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

 "___"_______________ 20 __ ж.

 

Акимат Ескельдинского района объявляет внутренний конкурс для занятия вакантных административных государственных должностей корпуса «Б»
Дата публикации
09 августа 2021