Ескелді ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы         

ЖОБА

Ескелді ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және

жүргізу қағидаларын бекіту туралы

        

 

Қазақстан Республикасының  «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 10-3-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 16-5) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес Талдықорған қаласының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ескелді ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. «Ескелді ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2) Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Ескелді ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Ескелді ауданы әкімінің орынбасары Ахметов Елдос Тұрсынаевичке жүктелсін.
  2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

        

 

         Аудан әкімі                                                               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескелді ауданы әкімдігінің

2021  жылғы «___» ___________

№_____  қаулысына

қосымша

 

 

 

Ескелді ауданының бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе

күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру

және жүргізу қағидалары

 

 

1. Жалпы ереже

 

  1. Осы Ескелді ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағадалар) 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы», 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді және Ескелді ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.
  2. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар қолданылады:

1) бірыңғай сәулеттік стиль – құрылыста пайдаланылатын, аумақтың белгілі бір құрылыс ауданына, оның ішінде жеке құрылысқа тән бірыңғай белгілердің жиынтығы. Негізгі параметрлер сыртқы келбеті, сәулеттік стилі, түсті шешімі, қабаттылығы, әрлеу материалдары болып табылады. Жеке құрылыс ауданы үшін негізгі параметрлер сыртқы келбеті, сәулеттік стилі, түсті шешімі, қабаттылығы, әрлеу материалдары, қоршаулар, шатырдың типі және учаске аумағында шаруашылық-тұрмыстық құрылыстардың орналасуы болып табылады;

2) кондоминиум объектісі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан және дара (бөлек) меншікте болмайтын және пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелеріне көппәтерлі тұрғын үй тұрған біртұтас бөлінбейтін жер учаскесін және (немесе) үй жанындағы жер учаскесін қоса алғанда, ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен;

3) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ағымдағы жөндеу – мерзімінен бұрын тозуын болғызбау және ақауларын жою мақсатында жүргізілетін, көппәтерлі тұрғын үйдің нормативтік және техникалық құжаттамада белгіленген құрама бөліктері мен инженерлік жабдықтарын ауыстыру немесе қалпына келтіру жөніндегі уақтылы техникалық іс-шаралар мен жұмыстар кешені;

4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу – көппәтерлі тұрғын үйдің ресурсын қалпына келтіру мақсатында жүргізілетін, көппәтерлі тұрғын үйдің тозған конструкцияларын, бөлшектерін және инженерлік жабдықтарын жаңа немесе анағұрлым мықты және үнемді, жөнделетін объектілердің пайдалану көрсеткіштерін жақсартатын түрлеріне ауыстыру жөніндегі іс-шаралар мен жұмыстар кешені;

5) көппәтерлі тұрғын үй – ортақ үлестік меншік болып табылатын кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінен және көппәтерлі тұрғын үйге іргелес жатқан жер учаскесіне не кондоминиум объектісі ортақ мүлкінің өзге де бөліктеріне дербес шығатын жерлері бар екі және одан көппәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан тұратын, біртұтас бөлінбейтін жер учаскесінде біртұтас іргетасы бар жеке тұрған ғимарат;

6) көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысы (бұдан әрі- жиналыс) – пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға байланысты шешімдерді ұжымдық талқылауын және дауыс беру арқылы қабылдауын қамтамасыз ететін кондоминиум объектісін басқарудың жоғары органы;

7) шатыр – ғимаратты атмосфералық жауын-шашынның енуінен сақтайтын, су өткізбейтін қабаттан және негізден (торлардан, тұтас төсемеден, кермеден) тұратын, көтергіш конструкцияларға немесе жылытқышқа (шатырсыз шатырларда) салынатын жабынның жоғарғы элементі;

8) қасбет – ғимараттың сыртқы беті;

9) бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі уәкілетті орган                               – «Ескелді ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі; 

10) сәулет саласындағы атқарушы орган – «Ескелді ауданы сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі; 

11) бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі – «Ескелді ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі». 

  1. Осы Қағидалар Ескелді ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталмаған, көппәтерлі тұрғын үйді күрделі немесе ағымдағы жөндеуді ұйымдастыруға және жүргізуге қолданылмайды.
  2. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 10-3-бабының 2-тармағы 8) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган жергілікті бюджет қаражаты болған кезде ауданға немесе оның бір бөлігіне бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы.

 

 

  1. Көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі

 

  1. Уәкілетті орган өкілеттіктері шегінде:

1) көппәтерлі тұрғын үйді мемлекеттік техникалық зерттеп-қарауды ұйымдастыру;

2) Ауданға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көп пәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттеріне, шатырларына ағымдағы немесе күрделі жөндеу жүргізудің тізбесін, кезеңін және кезектілігін айқындайды.  

  1. Ауданға бірыңғай сәулеттік келбет беру үшін қасбеттерге және шатырларға ағымдағы немесе күрделі жөндеу жүргізуді талап ететін көп пәтерлі тұрғын үйлердің белгілі бір тізбесіне сәйкес Ескелді ауданының жергілікті атқарушы органы «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес көп пәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу бойынша шешім қабылдайды.
  2. Ауданға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көп пәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөнінде қабылданған шешімнің негізінде сәулет саласындағы атқарушы орган уәкілетті органмен бірлесіп бірыңғай сәулеттік келбеттің эскиздік жобасын әзірлейді және жиналыспен келіседі.
  3. Бірыңғай сәулет келбетінің эскиздік жобасын жиналыспен келіскеннен кейін уәкілетті орган ауданға бірыңғай сәулет келбетін беруге бағытталған көп пәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеуді талап ететін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмысты ұйымдастырады, кейіннен жергілікті бюджет қаражаты есебінен тиісті жобалар бойынша ведомстводан тыс сараптама қорытындысын алады.
  4. Зерттеп-қарау және жобалау қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті мемлекеттік лицензиялары бар мамандандырылған ұйымдардың күшімен орындалады.
  5. Күрделі жөндеу жұмыстарын жобалау және ағымдағы жөндеудің сметалық есебін жасау кезінде қолданыстағы заңнама мен нормативтерді басшылыққа алу қажет.
  6. Ведомстводан тыс сараптамадан өткен, ауданға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көп пәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жобалары бекітілгеннен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығымен бекітілген, Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 25 желтоқсанда № 10007 тіркелген) сәйкес бюджеттік өтінім жасалады және ұсынылады.
  7. Ауданға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көп пәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстарды алуды бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырады.
  8. Ауданға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көп пәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттеріне, шатырларына ағымдағы немесе күрделі жөндеу жүргізу мынадай құрылыс-монтаждау жұмыстарын қамтиды:

1) қасбеттік әрлеу жұмыстары: 

қаптау жұмыстары;

ғимараттың қасбеттерін сылақтау;

қасбеттерді фактуралық әрлеу;

беттерді «шагрень» фактурасымен әрлеу;

ғимараттың қасбеттерін және сыртқы беттерін бояу;

сәндік жұмыстар;

қасбеттік жүйелердің құрылымы;

өзге де әрлеу жұмыстары.

2) шатыр құрылымы бойынша жұмыстар:

асбестсцемент шатырдың құрылымы;

торлы қоршау орната отырып жабынқыштан жасалған шатырлардың құрылымы;

орамдық шатырлардың құрылымы;

шыны торларды және шыны кенепті төсей отырып битумды мастикадан жасалған шатырлардың құрылымы;

ұсақ шатырлық жабындардың құрылымы және шатырлық темірден жасалған қасбеттерге салу;

аспалы науашалардың және шатырлардың сүйеніш қоршауының құрылымы;

негіздерді топырақтау және бу оқшаулағыш құрылымдары;

шатыр құрылымы бойынша өзге де жұмыстар.

  1. Ауданға немесе оның бір бөлігіне бірыңғай сәулеттік келбет беру үшін қасбеттерді және (немесе) шатырларды ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі құрылыс-монтаждау жұмыстарын тиісті мемлекеттік лицензиясы бар, мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы деп танылған әлеуетті өнім беруші жүргізеді.
  2. Қорытынды ереже

 

  1. Ескелді ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізуді қаржыландыру жергілікті бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.

 

Ескелді ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы         
Дата публикации
09 августа 2021