Ескелді аудандық мәслихатының   2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 79-435 «Ескелді ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Ескелді аудандық мәслихатының   2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 79-435 «Ескелді ауданының

2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Ескелдi аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Ескелді аудандық мәслихатының «Ескелді ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 79-435(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 5863 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

 көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

«1. 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 9 551 491 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер 214 270  мың теңге;

салықтық емес түсімдер 92 625 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 60 500 мың теңге;

трансферттер түсімі 9 184 096 мың теңге;

2) шығындар 9 723 061 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу 172 808 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер 243 653 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 70 845 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 344 378 мың теңге;

6) бюджет     тапшылығын       қаржыландыру     (профицитін   пайдалану)                   344 378 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі 243 653 мың теңге;

қарыздарды өтеу 70 853 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 171 578 мың теңге.».

  1. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
  2. Осы шешім 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.  

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Ескелді аудандық мәслихатының   2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 79-435 «Ескелді ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
06 августа 2021