Ескелді ауданы бойынша ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2021 жылы әлеуметтік қолдау шараларын көрсету үшін сұранысқа ие мамандардың тізбесі

 

 Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері бойынша сұранысқа ие мамандықтардың тізбесін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы  23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітілген Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларының 6-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі  ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. 2021 жылға денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілер бойынша сұранысқа ие мамандықтардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін;
  2. Әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бекітілген тізімге сәйкес жүзеге асырылсын;
  3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау, аудан әкімінің орынбасары Е. Ахметовке жүктелсін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аудан әкімдігінің 2020 жылғы «____»_____________№______

қаулысына қосымша

 

Денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері саласындағы сұранысқа ие мамандықтардың тізбесі

 

Денсаулық сақтау саласы бойынша қажет мамандар тізімі:

 

  1. Жалпы тәжірибелі дәрігер – 3;
  2. Дәрігер реаниматолог-анестезиолог – 1;
  3. Дәрігер офтальмолог – 1;
  4. Дәрігер отоларинголог - 1;
  5. Дәрігер инфекционист – 1;
  6. Клинический фармаколог - 1;
  7. Провизор – 1;
  8. Дәрігер невропатолог – 1;
  9. Дәрігер нарколог – 1;
  10. Дәрігер психиатр – 1;
  11. Дәрігер рентгенолог – 1;
  12. Дәрігер фтизиатр – 1;
  13. Дәрігер неонатолог – 1;
  14. Дәрігер маммолог – 1;
  15. Дәрігер онколог – 1;
  16. Аудандық емханаға медбике – 10.
  17. Медициналық статист – 1.
  18. Медициналық регистратор – 1.
  19. Дәрігер акушер-гинеколог – 1.
  20. Дәрігер терапевт – 1.

 

Білім беру саласы бойынша:

Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясы – 1 шет тілі пәнінің мұғалімі;

Қарабұлақ орта мектебі (Қарабұлақ ауылы) – 1 физика пәнінің мұғалімі;

Қарабұлақ орта мектебі (Қарабұлақ ауылы) – 1 шет тілі пәнінің мұғалімі;

Титов атындағы орта мектебі (Қарабұлақ ауылы) – информатика пәнінің мұғалімі;

Титов атындағы орта мектебі (Қарабұлақ ауылы) – 3 шет тілі пәнінің мұғалімі;

Титов атындағы орта мектебі (Қарабұлақ ауылы) – 1 бастауыш сынып мұғалімі;

С. Сейфуллин атындағы орта мектебі (Бақтыбай ауылы) – 1 қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 С. Сейфуллин атындағы орта мектебі (Бақтыбай ауылы) – 1 мектепалды даярлық тобының мұғалімі

Қаблиса Жырау атындағы орта мектебі  - 1 әлеуметтік педагог

Қаблиса Жырау атындағы орта мектебі  - 1 орыс тілі пәні мұғалімі

Қаблиса Жырау атындағы орта мектебі  - 1 бастауыш сынып мұғалімі

Ж. Жақыпбаев атындағы орта мектебі – 1 ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

М. Мәметова атындағы орта мектебі - 1 әлеуметтік педагог

М. Мәметова атындағы орта мектебі - 1 биология пәнінің мұғалімі

М. Мәметова атындағы орта мектебі - 1 логопед

М. Мәметова атындағы орта мектебі - 1 қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

М. Мәметова атындағы орта мектебі - 1 дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

М. Байысов атындағы орта мектебі – 1 математика пәнінің мұғалімі

Ш. Уәлиханов атындағы орта мектебі – 1 тарих пәнінің мұғалімі

Ш. Уәлиханов атындағы орта мектебі – 1 бастауыш сынып мұғалімі

Жалғызағаш орта мектебі – 1 технология пәнінің мұғалімі;

Жалғызағаш орта мектебі –  шет тілі пәнінің мұғалімі;

Жалғызағаш орта мектебі – география пәнінің мұғалімі;

Рустембеков атындағы орта мектебі – информатика пәнінің мұғалімі

Қаратал орта мектебі – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі;

Байысов орта мектебі – қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі

Байысов орта мектебі – тарих пәнінің мұғалімі

Мелькомбинат негізгі орта мектебі – 1 музыка пәнінің мұғалімі

Мелькомбинат негізгі орта мектебі – 1 ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Мелькомбинат негізгі орта мектебі – 1 қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Жаңалық негізгі орта мектебі – 1 биология пәнінің мұғалімі

Мичурин атындағы негізгі орта мектебі - 1 биология пәнінің мұғалімі

«Күншуақ» балабақшасы – 2 тәрбиеші

«Айкүн» балабақшасы – 1 тәрбиеші

«Балапан» балабақшасы – 1 тәрбиеші

 «Балдырған» балабақшасы – 1 психолог

«Қарлығаш» балабақшасы  - 1 тәрбиеші

Көксу ауылшаруашылық колледжі – 1 оқытушы

 

Мәдениет саласы бойынша:

 

Аудандық мәдениет үйі  – 3 көркемдік  жетекші

 

Агроөнеркәсіптік кешен саласы бойынша:

Мал дәрігері - 2

Ветеринарлық фельдшер - 3

 

Спорт саласы бойынша:

Аудандық спорт мектебі – 3 жаттықтырушы.

 

Барлығы: 83 маман.

 

Ескелді ауданының экономика

және бюджеттік жоспарлау

бөлімінің басшысы                                                                С. Тулепбергенов

 

 

 

Дата публикации
12 февраля 2021