Ескелді аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 79-435 «Ескелді ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ескелді аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 79-435 «Ескелді ауданының

2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 104 бабының 5-тармағына және 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Ескелдi аудандық мәслихаты                                                ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ескелді аудандық мәслихатының «Ескелді ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

«1. 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 9 463 983 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер 204 680 мың теңге;

салықтық емес түсімдер 106 327 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 45 500 мың теңге;

трансферттер түсімі 9 107 476 мың теңге;

2) шығындар 9 635 553 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу 129 053 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер 199 898 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 70 845 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 300 623 мың теңге;

6) бюджет     тапшылығын       қаржыландыру     (профицитін   пайдалану)                   300 623 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі 199 898 мың теңге;

қарыздарды өтеу 70 853 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 171 578 мың теңге.».

  1. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ескелді аудандық мәслихатының «Экономика, қаржы, бюджет және заңдылықты сақтау мәселелерін қамтитын» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  3. Осы шешім 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.  

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Дата публикации
26 апреля 2021