Ескелді ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы

 

Ескелді ауданының мемлекеттік тұрғын үй

қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін

төлемақы мөлшерін белгілеу туралы

«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабының 1-тармағына, «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7232 тіркелген) сәйкес, Ескелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ескелді ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері осы қаулының 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27 және 28-қосымшаларына сәйкес белгіленсін.
  2. «Ескелді ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
  • осы қаулының Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
  • осы қаулыны Ескелді ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастыруын қамтамасыз етсін.
  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Ескелді ауданы әкімінің орынбасары Е. Ахметовке жүктелсін.
  2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Аудан әкімінің міндетін атқарушысы

 

Е. Ахметов

Дата публикации
21 апреля 2021