«Алматы облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ

«Алматы облысы білім басқармасының Ескелді ауданы

бойынша білім бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлық

тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ

 

Қарабұлақ ауылы                                                                                              31 наурыз 2021 жыл

Кіріспе бөлімі

«Алматы облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» ММ, Ескелді ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 30 маусымындағы № 141 қаулысымен бекітілген ережеге сәйкес жұмыс атқарады.

Бөлімнің негізгі миссиясы:

1)  ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;

2) жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат
мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту;

3)  азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;

4) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;

5) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз, панасыз қалудың және қоғамға жат iс-әрекеттердiң алдын алып, олардың жасалуына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтау және жою;

6) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету;

7) өмiрде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандарды  әлеуметтiк оңалту.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 16 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларына, 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 18 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу келесі бағыттарда жүргізілді:

Бөлімнің қызметін қалыптастырудағы нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Бөлім ішкі талдау жүргізу барысында, білім беру саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесімен стандартынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің фактісі анықталмады.

«Фейсбук» әлеуметтік желісінде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында өткізілген іс-шаралар туралы» тақырыбында 2021 жылдың 10 ақпаннан бастап 15 білім беру мекемелерінде тікелей эфир арқылы вебинар өткізді. Тікелей эфир барысында мектеп директорларына сұрақтар қойылған жоқ.

Қорытынды:

Білім беру саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну стандартында көрсетілген ең ұзақ уақыт көрсеткішін ережеге енгізу үшін құзырлы мемлекеттік органға ұсыныс берілуі қажет.

 

 

Ескелді ауданы бойынша білім

 бөлімінің басшысы                                                            М.Бектуров

 

 

Бас маман                                                                                     А.Умирбекова

 

 

 

«Алматы облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ
Дата публикации
02 апреля 2021