2021 жылдың 1 кварталға «Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша аналитикалық анықтама    

2021 жылдың 1 кварталға

«Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылдық округі

әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша

аналитикалық анықтама

 

 

         Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Занының 8 бабы 5 тармағы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің Үлгілік қағидалары негізінде «Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айқындау затына ішкі талдау жүргізілді.

         Ішкі талдау жүргізу үшін Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 25 наурызда № 104 – өкімі қабылданды.

 «Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдар әрі – әкім аппараты) 2013 жылғы 07 наурыздағы (БСН 130340006213)  277-1907-21-ММ заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы анықтама негізінде әрекет етеді, өз  қызметін Конституцияға және Қазақстан Республикасы заңдарына, Президент және Қазақстан Республикасы Үкімет актілеріне, басқа нормативтік – құқықтық актілеріне, (Ескелді ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 19 қантардағы № 8 қаулысымен бекітілген) «Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

         Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі, Қарабұлақ ауылдық округі аумағында Ескелді аудандық әкімдігінің лауазымдық тұлғасы болып танылады және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен оған жүктелген функцияларды жүзеге асырады.

         Штаттық кестеге сәйкес әкім аппаратында 15 бірлік мемлекеттік қызметкерлер, оның ішінде  әкім – 1 бірлік, әкімнің орынбасары - 2 бірлік, бас маман – 7 бірлік, жетекші маман – 5 бірлік бекітілді.

         Техникалық қызметкер: жастар ісі жөніндегі әдіскер – нұсқаушы – 1 бірлік, спорт жөніндегі әдіскер – нұсқаушы – 1 бірлік, компьютер бағдарламашы – 1 бірлік, көлік жүргізуші – 1 бірлік, еден жуушы – 1 бірлік, күзетші – 2 бірлік.           

          Мемлекеттік қызметкерлер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасы талаптарына сәйкес лауазымдарына қабылданды.

          Қызметшілер және техникалық қызметкерлер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарына сәйкес лауазымдарына қабылданды.

         Талдау жүргізу кезеңіне кадрларды орналастыру және таңдау кезінде жерлес, қолдампаздық, туыстық фактілер белгіленген жоқ. Әкімшілік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметті нашарлататын тәртіптік жазаға тартылған жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметшілер жоқ.

2021 жылдың 1 кварталында «Қарабұлақ ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде  108 өкім қабылданды.  Аталған актілерге талдау жасау нәтижесінде, жемқорлық тәуекелдеріне қатысты кемшіліктер анықталған жоқ.               «Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне 2021 жылдың  қаңтар айынан бастап жеке және заңды тұлғалардан 74 өтініштер Web-ЕУОЛ бағдарламасына тіркелді, оның ішінде 14 ағаш кесу бойынша, 56 жер мәселесі, 4 әлеуметтік мәселе бойынша, қараусыз қалған өтініштер жоқ, уақытында қарастырылды, орындау мерзімдері бойынша фактілер анықталған жоқ, өтініш берушілер тарапынан шағым түскен жоқ және тиісті  журналдарға тіркеледі. Сонымен қоса өтініштер  ай сайын статистикалық есеп Ескелді ауданы әкімі аппаратының жалпы және шаруашылық бөліміне беріледі. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерімен бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес жеке қабылдау жүргізіледі. Ғимаратта арыз және шағымдарға арналған жәшік орнатылған. Арыз және шағымдар түскен жоқ.

          Мемлекеттік қызметкерлерде бекітілген лауазымдық нұсқаулықтары бар. Олардың орындалуы округ аумағындағы мемлекеттік саясатын жүргізуге, жергілікті маңызы бар міндеттерді шешуге бағытталған. Осы мақсатпен ел Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру және ақпараттау бойынша тұрғындармен кездесулер, тұрғындар жиындары, активтің жиналыстары жүргізіледі.

  Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету жеке және заңды тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметі болып табылады.

 Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету бойынша Қарабұлақ ауылдық округі әкімі аппаратына шағым түспеді.

«Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде электронды қызмет көрсету бұрышы жұмыс жасауда. Осы аталған бұрышта ауыл тұрғындары өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы ЭЦҚ ашып өзіне керекті анықтамаларды алуға мүмкіндік жасалынған.

Қозғалысы шектеулі мүгедектерге қызметкерлерге қонырау шалу үшін қоңырау орнатылған.

«Жетісу-адалдық алаңы» жобасы кеңсесі ашылып жұмыс істеуде.

2021 жылдың қаңтар айынан бастап көрсетілген мемлекеттік қызметтер «Қызметтер мониторингі» жүйесі бойынша есептік ақпаратты жинақтау электронды түрде, жүйе арқылы жүргізіледі.

       «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының 13 – бабына сәйкес ауылдық округінің әкімі жеке және заңды тұлғалардың жеке қабылдауын жүргізеді. Қабылдау кестесі азаматтар үшін қолжетімді жерде орналасқан.

        Өтініш берушілерге жауап заңмен белгіленген мерзімде ұсынылған. ЖТ және ЗТ өтініштері бойынша бұзушылықтар айқындалған жоқ.

        Әкім  аппаратындағы аппараттық кеңестерде, жалпыға бірдей құқықтық оқуларында ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын зерделеу және талқылауы жүргізілуде. Сондай-ақ «сенім телефоны» бар (+77283631966). Ағымдағы уақыт кезеңіне мемлекеттік қызметшілердің іс-әрекеттеріне шағым және өтініш түскен жоқ.

         Ағымдағы уақыт кезеңінде мемлекеттік қызметшілерге ескертулер берілмеді. ҚБШ (қолма-қол ақшаның бақылау шоттары) есеп-шотына түскен көлік құралдарына салықтар, салық салынбайтын көзіндегі кірістерден табыс салығы, жалға алатын үй-жайларға төлемдер азаматтармен төленген есебінен түскен қаражаттарды таратумен  жергілікті қауымдастық өкілдері айналысады. Бұл қызмет процессінде бұзушылықтар айқындалған жоқ.

         Сонымен қоса «Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ұжымының қатысуымен «Пара беру-бас бостандығыңнан және болашағыңнан айырады» атты  дәріс  өткізілді.

         Жоғарыда аталған негізінде жұмыс тобы, «Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық қауіптері анықталған жоқ деген шешімге келді. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу үшін сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың адын алуды насихаттау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуді ұсынды.

 

 

 

 

      Жұмыс тобы:                                                               

                                                                                                   Б. Дюсебаев

 

                                                                                                   С. Оналбаев

 

                                                                                                   Ж. Есболат

                                                                                    

                                                                                                       О. Бейсбеков

                                                                                       

                                                                                                             Г. Ким

 

2021 жылдың 1 кварталға «Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша аналитикалық анықтама    
Дата публикации
02 апреля 2021